Сабақ жоспары (ұмж): Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A. Қос дөңгелекті күйме арбалар мен империялар
Сабақ тақырыбы: Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;
5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: қос дөңгелекті күйме арбаның адамзат баласының дамуындағы маңызын көрсету.
Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (2 минут).

Тақырыпты (оқушылар жазып алады) және сабақ мақсатын айту (2 минут).

Оқушыларға жаяу сарбаз бен қос дөңгелекті күйме арбаның үстіндегі жауынгердің суретін көрсету. Әр жауынгердің шайқас алаңындағы артықшылықтарын талқылау (4 минут).
Аккад империясы мен египеттіктердің территориясы бейнеленген картаны көрсету. Патша Саргон I әлем тарихындағы өте үлкен территорияны жаулап алған ең алғашқы патшалардың бірі әрі Аккад империясы бірінші пайда болған империялардың қатарынан екендігін түсіндіру. Терминді жазып, оны оқушылардың түсінгендігіне көз жеткізу («империя» сөзінің анықтамасы – әр түрлі тілде сөйлейтін, салт-дәстүрі мен дінінде айырмашылық бар халықтар тұратын және тек бір ғана басшыға бағынатын территория).
Саргон өзінің билігін ең алдымен Жоғарғы Месопотамияға таратқанға ұқсайды, одан соң Жерорта теңізіне дейін жеткен болса керек. Кейінірек Саргон Лугальзагесиге дипломатиялық неке арқылы бауырласуды ұсынады, бірақ Лугальзагеси бас тартты. Саргон әскери іс-әрекетке көшіп, өзінің қарсыласын тез арада талқандайды. Лугальзагеси тұтқынға алынып, мыс кісендермен Ниппурдағы Энлил құдайының қақпасы арқылы салтанатты түрде жүріп өтті. Біраз уақыт өткен соң оны дарға асқан болса керек. Ал Саргон болса қысқа уақыт аралығында Төменгі Месопотамияның маңызды қалаларының барлығын жаулап алады. Ол қалалардың ішінде Лагаш та бар еді. Келесі кезек Кіші Азияға («Күміс таулар») жорық жасау болатын.
(5 минут).

Саргонның дулығасының суретін көрсету. Оқушылардан оны киген адамның қандай патша болғандығы жайлы сұрау (2 минут).

Оқушыларды бірнеше кіші топтарға бөлу. Саргонның мемлекеттік басқарудағы кездестірген қиындықтары жазылған карточкаларды таратып беру. Оқушылардың міндеті – Саргон үшін ең қиын болған үш мәселені анықтау. Белгіленген уақыт аяқталған соң мәселелердің шешу жолдарын талқылауға болады.
(Саргон үшін қиын мәселелердің бірі үлкен қашықтықты жүріп өту болған болса керек. Оқушылардың мұндай қорытындыға келуі мәселенің шешімін қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға сол заманда өмір сүрген адамдардың технология жағынан шектеулі болғандығын түсіндіру керек (15 минут).......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды? 2-сабақ (Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ 5 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]