Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C бөлімі. Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
Сабақ мақсаты:Ежелгі өркениет ошақтарының шаруашылық жүйесін түсіну;
Өткен сабақты қайталау мақсатында, сол кездің адамдары не үшін егіншілік пен мал шаруашылығымен айналыса бастағандығын? Екі шаруашылық түрлерінің айырмашылықтары қандай? деген сұрақтар қойып өтемін.

(Жұптық) Оқушылардан адамдарға тіршілік ету үшін не қажет екенін сұраңыз. Оларға адам сұлбасы салынған парақтарды таратып беріп,
оның айналасына адамның негізгі қажеттіліктерін белгілеуін сұраңыз. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беремін.

Оқушылармен талқылау жүргізіп, бұл қажеттіліктер ежелгі өркениеттер дамыған мекендермен қалай байланысты болғаны туралы идеяларын тыңдаңыз.

(Топтық) Табақ немесе кез келген суға төзімді жазық бетінде мүсіндеуге арналған сазбалшықтан немесе ермексаздан (пластилин) өзен ағысын бейнелейтін биік жағалаулы, бұрылыстары бар арна жасаңыз. Су сазбалшықтың шегінен шығып кетпейтіндей етіп, арна ішін суға толтырыңыз. Өзеннің бір бұрылысында «А және В қаласы» деген белгі орнатыңыз.

Сыныпты үлгінің жанына жинаңыз. Бұл үлгіде Месопотамиядағы Тигр немесе Евфрат өзені бейнеленгендігін, олардың екі жағасындағы топырақтың өте құнарлы, алайда өзендер ағып өтетін жерлер құрғақ және шөл болғандығын түсіндіріңіз. Оқушылардан шаруалардың жақын жерлерде орналасқан егіс алқаптарын тиімді суару үшін өзендерден суды қалай алғаны туралы болжамдарын сұраңыз.
Үлгіде өзен арнасынан су ағатындай суару арықтарын жасаңыз. Өзен суымен суарудан туындауы мүмкін қауіптерді талдаңыздар, мысалы, су тасқыны. Тапсырманы орындауға 10-15 минут уақыт беріледі.
Оқушылар тапсырманы орындап болғасын бағалау жұмысын жүргіземін. Оқушылар берілген критерийлер бойынша өзіне бағалау жүргізеді.

Ніл сағасының ғарыштан түсірілген суреттерін (немесе Ежелгі Мысыр картасын) және өзен жағалауларының маңайындағы құнарлы жасыл аймақтың суреттерін көрсетіп, өзен алқаптарының тіршілік жасауға қалай көмектескендігінің маңыздылығын ерекше атап көрсетіңіз.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? 1-сабақ 5 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]