Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Өзен алқаптары өркениеттері
Сабақтың тақырыбы: Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 5.4.1.3 – ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
Сабақтың мақсаты: • Табиғаттың адам еңбегіне тигізетін ықпалын анықтау
• Өркениеттердің қалыптасу себептерін анықтау
• Өзен алқаптары өркениеттері шаруашылық түрлерінің (егін шаруашылығы, қолөнер және сауда) ерекшеліктерін сипаттау.
(БЫМ - бастапқы ынталандырушы материал)
Аман қалу үшін адамдарға не қажет екендігін оқушылардан сұраңыз. Адам денесінің суреті бейнеленген қағаздарды үлестіріп, адам денесі суретінің айналасына адамның негізгі қажеттіліктерін жазып шығуын сұраңыз. Оқушылар түрлі нұсқалар ұсынуы мүмкін: тамақ, су, киім, т.б. Оқушылардың бұл жауаптарын кейін ежелгі адамдардың тұрақты қоныстану үшін қай жерді таңдайтыны туралы дискуссия жүргізгенде қолдануға болады. Мұнда оқушыларды таза ауыз судың қажеттілігіне назар аударту қажет.

(М) Оқушыларға жұмбақ жасырыңыз.
«Оны тірі затпен салыстыруға болады: ол туылады, өседі, жұмыс істейді, қартаяды, өзіне тән мінезі болады, кейде тұрақты, кейде мазасыз болады».
Жауабы: ӨЗЕН. Бүгінгі сабақта осы өзендердің адамдардың өміріне қалай ықпал ететіні туралы білетін боламыз.

(Б) Қазіргі кездегі Қазақстанның картасын көрсетіп, талқылаңыз:
Кім өзенге барды? Ол қандай өзен? Үлкен бе, кіші ме? Терең бе, жоқ па? Таза ма, ластанған ба? Өзенде не істеуге болады? Өзеннің қандай пайдасы бар?
Оқушылардың болжамды жауаптары:
1)балық аулау
2) демалыс және емдік қасиеті бар
3) транспорт жолдары
4) ағынды судың энергиясы
5) тіршілік пен шаруашылық үшін тұщы су (су көздері).

Өзен алқаптары өркениеттерінің негізгі аумақтары белгіленген картаны көрсетіңіз.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды 5 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]