Сабақ жоспары (ұмж): Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді?  (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақтың тақырыбы: Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді?
Сабақтың мақсаттары: 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Бастапқы стимул.
(Б) Уақыт сызығының бір ұшына «б.з.д. 3000 жыл», екінші жағына «Бүгін» деп белгілеңіз. Мысыр картасынан Гиза қаласындағы Хеопс пирамидасының орналасқан жерін көрсетіңіз. Хеопс пирамидасының суретін біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл белгіленген тұсқа орналастырып, Мысырдың әлемдегі ең ежелгі өркениет болып табылатынын айтыңыз.
Мағынаны тану кезеңі.
Осыған дейін 1В бөлімінде қарастырылған Асуан су бөгетінің фотосуретін көрсетіңіз.
(Б) Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз, бұдан кейін фотосуретті уақыт сызығында «Бүгін» белгісіне жақын, 1960-1970 жж. аралығына орналастырыңыз. Бұдан бұрын пайдаланылған Мысыр картасынан Асуан су бөгетінің орналасқан тұсын көрсетіңіз. Содан соң картаға Дейр әл Бахари ғибадатханасын орналастырып (белгішемен, стикермен), ғимараттыңфотосуреті мен ғибадатханаға кірер есіктің панорамалық фотосуретін көрсетіңіз.
Ғибадатхана фотосуретінің көшірмесін уақыт сызығында шамамен біздің заманымызға дейінгі XV ғасыр датасының жанына қойыңыз.
(Т)(Б) Бұл ғибадатхананың Мысыр перғауыны Хатшепсут арнап салынғанын түсіндіріңіз.
(Т) Хатшепсуттың мүсінін көрсетіңіз. Мүсіннен қандай ерекше нәрсені байқағандарын жұптардан сұраңыз. Мысалы жасанды сақал (мысыр билеушілерінің дәстүрлі белгісі), мүсіннің тым үлкендігі (құдірет алдында қорқыныш үрей тудыру мақсатында) Хатшепсуттың заңды түрде өзін перғауын деп жариялаған (басқа әйел билеушілер перғауынға тұрмысқа шыққан жағдайда осындай лауазым алады) Мысырдың аз ғана әйел-билеушілерінің бірі болғанын айтыңыз.
(Т) Оқушыларға ресурстар тізімінен карточкалар мен Мысырдың әлеуметтік құрылымының сызбасын таратып, оларды сызба бойынша жүйелеуді ұсыныңыз.
(Б) Сызбаны қолданып келесі сұрақтарды талқылаңыздар: әлеуметтік топтар меншікке қатысты қандай құқықтарға ие болды?
Оқушыларды бағалау. (Қолдану дағдысы)
(Ж) Оқушыларға Пунт залының ішкі рельефінің бір бөлігін көрсетіңіз. Суреттердің көшірмелерін оқушыларға таратып, оқушылардан бедерлі қабырғадан қандай детальдарды анықтап, олардың ойынша онда не болғанын сұраңыз. Топтардың болжамдарын тыңдап, оларды салыстыру үшін жазып алыңыздар.
ІІ Оқушыларға мұғалімдерге арналған бөлімдегі бедерлі суреттегі жазбаларды таратып, оқуға тапсырма беріңіз, жазуды оқығаннан кейін пікірлері өзгерді ме, сұраңыз.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? 5 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]