Сабақ жоспары (ұмж): Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы»
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;
10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу
Сабақ мақсаты: Алаш және Түркістан (Қоқан) автономиялары негізінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттейді, баға береді;
Б. Барлық оқушыға төмендегі суретті көрсете отырып, ой шақыру ұсынылады.
XVIII-ХІХ ғасыр ХХ ғасырдың басы
- Суреттерді қандай оқиға байланыстыруы мүмкін?
- Сізді не ойландырды?
- Кандай ой-тұжырым жасадыңыз?
М. Туындаған сұрақтарға жауап беру арқылы түсіндіріледі. Қазақ халқы үш ғасырға созылған ел егемендігінен айрылған кезеңді басынан кешірді. Осы дəуірде қазақ қозғалыстары халықтың ұлттық мүддесін қорғап, егемендікке ұмтылыстың көрінісі болатын. Қазақ ұлт-азаттық күресінің эволюциясы нəтижесінде екі негізгі түрі қалыптасты. Біріншісі - орыс отаршылдығы мен кеңестік күштеу саясатына қарулы көтерілістер түрінде Сырым, Жоламан батырлар, Ғұбайдолла, Саржан, Кенесары сұлтандар, Жанқожа, Исатай мен Есет батырлар басқарған көтерілістер. Екіншісі - қазақ ұлт-азаттық күресінің жаңа көрінісі, жаңа деңгейі еді. Бұл Алаш қозғалысынан көрініс тапты. Алаш зиялылары басқарған қозғалыс - ұлт-азаттық күрестің жаңа белесі еді. Бұл либеральдық-демократиялық күрестің жолы еді. Алаш зиялылары ұлт-азаттық күресті жаңа, либералдық деңгейге шығара алды. Енді күрес митингтер, петициялар мен басылым беттерінде жарық көрген саяси талаптар мен үндеулер ретінде көрініс тапты.
Ж. «Әріптестік» тәсілі арқылы жұмыс жүргізу. Әр оқушыға сұрағы немесе жауабы бар қағаз таратып оқушылардың сынып ішінде жүріп, сұраққа сәйкес келетін жауапты іздеуін ұйымдастырыңыз.
Мысалы:
сұрағы: Қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауының салдары қоғамда қандай саяси өзгеріс әкелуі мүмкін еді? жауабы: Қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстардың басталуына алып келді.
сұрағы: Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар қалай жалғасын тапты?
жауабы:Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы т.б. қарулы көтерілістер басталды
сұрағы: Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің жалғасы ХХ ғасырда қалай көрініс тапты?
жауабы: Қазақ зиялыларының ұлт-азаттық күресі либерал-демократиялық сипатқа ұласты.
Ж. Зерттеу мен талдау
Жұптық жұмыс кезінде отаршылдық саясатқа қарсы қарулы көтерілістер туралы мәтіндер үлестіріліп, талдау жасалады.
Мысалы:
Мәтін
Қазақта ел үшін, жер үшін басын саудаға тігіп, ат үстінен түспей, екі оттың ортасында қалса да, халықты қалай құзға құлатпай, жарға жықпай, аман алып қаламын деген ерлер жетерлік. Солардың ішінде ұлт алдында мәртебесі бөлек, қадірі ерекше, құрметке айрықша бөленетін бір тұлға бар. Ол – Хан Кене, Кенесары Қасымұлы. Кенесары атын атауға тыйым салған сонау кеңестік кезеңнің өзінде әйгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи романын жұрт басына жастанып оқыған. Тарихшы Ермұхан Бекмахановтың ерлігімен де таныс. Хан Кененің ерлігі мен өрлігі сонау ілкі заманда қазақ жеріне саяхаттап келген талай зерттеушінің де құлағына тиген.Мысалы, ағылшын зерттеушісі Томас Аткинсон «Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін жігіттері өзінен күші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бәрі тән» деген екен.«Алашта Кенекеме ер жетпейді!». Мағжан Жұмабаевтың жыры ойға оралған сайын тарихи шындыққа тағы бір мәрте қаныға түсеміз. Қазақтың соңғы ханы, ұлт-азаттық көтерілістің көсемі... Кенесары хан бастаған көтеріліс - қазақ халқының мемлекеттігін және жерін қорғау, этникалық біртұтастығын сақтау жолындағы күрес болатын.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (2 сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (1 сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз: