Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.3.1.1 - Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін «мемлекет», «билік », «саяси ұйым» ұғымдарын пайдалану;
10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
І Ұйымдастыру бөлімі
Тақтаға «мемлекет» сөзін шығарып, оқушылардың осы ұғымға қатысты пікірлерін тыңдаңыз. Содан соң қосымша сұрақтар ұсыныңыз: Мемлекеттің негізгі белгілері қандай? Қазіргі Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттер қашан пайда болды? Олардың тайпалық одақтардан айырмашылығы неде?

Содан соң жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін таныстырыңыз.

Зерттеу және талдау
Ж 1-тапсырма. Мәтінді оқып, көшпелілер мемлекеттерінің үлгілерін талда (Кестені толтыру)
Көшпелілер мемлекеттерінің үлгілері Негізгі белгілері Ерекшеліктері


Мұғалімнің бағалауы
Бағалау критерийі: Қазақстандағы ерте көшпелілер мемлекеттерінің негізгі белгілерін анықтайды.
Дескрипторлар:
Көшпелілер мемлекеттерінің үш үлгісін атайды;
Мемлекет үлгілерінің кемінде екі белгісін көрсетеді;
Мемлекет үлгілерінің белгілері негізінде басты ерекшелігін түсіндіреді.

Т 2-тапсырма. Ерте көшпелілер мемлекеттерінің құрылу себептерін талдап, қалыптасу тарихына қатысты негізгі фактілерді анықта.
1-топ. Сақтар
2-топ. Қаңлылар
3-топ. Үйсіндер
4-топ. Ғұндар
Топтар шағын постер дайындап, қорғайды.
Топтардың бірін-бірі бағалауы
Бағалау критерийі: Ерте көшпелілер мемлекеттерінің қалыптасуын талдайды.
Дескрипторлар:
Ерте көшпелілер мемлекеттерінің құрылуына әсер еткен кемінде үш факторды түсіндіреді;
Мемлекеттің құрылған уақытын айтады;
Картадан аумағын көрсетеді.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығы мемлекеттің саяси институттары (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 2-сабақ 9 сынып тарих, қазақстан тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, қазақстан тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]