Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Ұазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 4-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.3.1.2 - Қазақстан аумағында мемлекеттілікті қалыптастырудың тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.4.4 - «Қазақ Кеңестік республикасы», «Кеңес Одағының республикасы», «Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік формасын» түсіндіру үшін «біртұтас мемлекет» терминдерін қолдана алу;
10.3.4.5 - кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының жетістіктері мен қарама-қайшылықтарына талдау жасау
Сабақтың мақсаттары: Мемлекеттіліктің қалыптасу маңыздылығын түсінеді;
автономия, республика, одақ ұғымдарының мағынасын түсіндіреді.
Б Презентацияда негізгі ұғымдарды («Қазақ Кеңестік республикасы», «Кеңес Одағының республикасы», «Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік формасын» «біртұтас мемлекет» ) сол сөздерге оқушылардың ауызша анықтама беруі тапсырылады. Тақырып қандай болуы мүмкін екендігі туралы болжамдары тыңдалады.
М Сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен жетістік критерийлері хабарланады.
Б Слайдта терминдердің анықтамалары беріліп, оқушылар бұл терминдердің ара-жігін анықтайды.

Өткен тақырыптарды еске түсіру
1. Қосүкімет дегеніміз не?
2.Уақытша үкімет елде қандай саясат жүргізе бастады?
3. Түркістан автономиясы неліктен құлатылды?
4. Алашорда не үшін Кеңестермен тайталасқа түсті?
5. Большевиктер халыққа қандай уәделер берді?
Д/Ж Оқушыларға ҚазАКСР-нің, ҚазКСР-нің, КСРО-ның құрылуы туралы мәтін беріледі. Ол бойынша:
1.Мәтіндегі негізгі 3 ойды табады, топта талқылайды. Сынып алдында ойларын білдіреді
2. Сұрақтарға жазбаша жауап жазады:
-Казревком қандай мақсатпен құрылды?
-ҚазАКСР-нің басқару жүйесі қалай құрылды?
3. КСРО-ның құрылуы қазақ мемлекеттілігіне қалай әсер етті?
4. Қазақ КСР-нің құрылуы қазіргі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына қалай әсер етті?
Топтар бірін-бірі тексереді. Топ алдында

Т Кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының жетістіктері мен қарама-қайшылықтарына талдау жасауға мәтін беріледі. Оқушыларды 4 топқа бөлуге болады. Топ ішінде берілген критерийлерге сәйкес талдау, маңызын анықтап жазу тапсырылады. Берілген тапсырманың соңында пікірталас ұйымдастырылады.
1 –топ. Кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының жетістіктері;
2-топ. Кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының қайшылықтары;
3-топ. Бүгінгі Қазақстан мен Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуындағы ұқсас жетістіктер көрінісі
4-топ. Бүгінгі Қазақстан мен Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуындағы ұқсас қайшылықтар көрінісі

Деректі мәтінмен жұмыс жасау критерийлері:

1. Мәтін сіздерге қажетті деректерді анықтаңыздар;
2. Талдаңыздар;
3. Баға беріңіздер.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 4-сабақ 9 сынып тарих, қазақстан тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, қазақстан тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 4-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]