Сабақ жоспары (ұмж): ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
Сабақ тақырыбы:ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау
8.2.3.3 ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді анықтау
Сабақтың мақсаты: ХХғ. 20-30 ж.ж. қазақ тілінде басылып шыққан оқулықтар мен өзгерістерді анықтайды.
ХХғ. Бірінші жартысындағы кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдайды.
Ұйымдастыру кезеңі
 Сәлемдесу (оқушыларыдың көңіл-күйін сұрау)
 Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру

БСМ Оқушыларға білім мен ғылым туралы түсінік беретін суреттер топтамасы ұсынылып, төмендегідей сұрақтарды қойылады.
• Нені көрдің?
• Нені байқадың?
• Суреттер арасында қандай байланыс бар?
• Қандай ой туындады?

Зерттеу сұрақтары:
• ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда білім саласында қандай өзгерістер орын алды?
• Кеңес дәуірінде қазақ тілі қаншалықты маңызды болды?


Б Оқушыларға Қазақстандағы сауатсыздықты жою туралы текст көрсетіліп келесідегідей сұрақтар қойылады.
• ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда сауатсыздықты жою бойынша қандай шаралар қолға алынды?
• ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында сауатты адамдардың үлесі не себепті 10%-ды құрады?

М Оқушылардың ойын тыңдағаннан соң, білім мен ғылым тақырыбының төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастырылады.

Зерттеу мен талдау
Ж Оқушыларға білім мен ғылымға байланысты ықшамдалған мәтін ұсынып, кестеге әр саладағы өзгерістерге классификация жасауды тапсырыңыз

Т Оқушыларды бірнеше топтарға біріктіріп, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тілінің ахуалы туралы ықшамдалған мәтін ұсынылады. Мәтінде берілген мәліметтерге бағытталған сұрақтар беріледі. Сұрақтардың төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастырылады.
• Неліктен ХХ ғасырдың басында қазақ тілі тоқырауға ұшырады?
• қазақ тілінің дамуына қандай жағдайлар кедергі болған?
• қазіргі уақыттағы ұштұғырлы тіл саясаты қаншалықты маңызды?
Пікірталас аяқталған соң төмендегідей критерийлерге сүйеніп топтар бірін бірі бағалауға болады. Мысалы:
• келтірілген дәлелдердің;
• нақтылығы аргументтердің сенімділігі;
• аргументтердің орынды қолданылуы;

Ж Оқушыларды жұптастырып, өздерінің білімдері негізінде кеңестік білім мен ғылымның ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жетістіктері мен кемшіліктері SWOT талдауы жасалады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым 9 сынып тарих, қазақстан тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, қазақстан тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]