Сабақ жоспары (ұмж): Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (1 сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж):  Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (1 сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2А Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы
Сабақ тақырыбы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (1 сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өткен оқиғалардың салдарларын түсінеді. Алаш Орда үкіметі, Қоқан автономиясы және Қазақ АКСР-ң құрылу тарихын түсінеді.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.6.Қазахстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
8.1.2.1. қазақ зияларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау.
«Саусақ ұшы» білімдерін анықтау мақсатында ойталқы жүргізу.
- Мұстафа Шоқай туралы не білесіздер?
М Презентация арқылы сабақтың тақырыбы және мақсатын оқушыларға таныстыру. (жетістік өлшемдеріне назар аудару)
Зерттеу сұрақтары:
Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының маңыздылығы неде?

Б М.Шоқай туралы бейнематериал көрсету. (үзінді)
1) Жетелеуші сұрақтар:
- Не көрдіңіз?
- Не сезіндініз?
- Не ойландырды?
2) Бейнематериалға сүйене отырып, берілген сұрақтарға ізденіс жүргізу (сөздікпен жұмыс)
1. М.Шоқай кім?
2. М.Шоқай нені ұсынды?
3. Неге кеңестерге қарсы болды?
4. Қашан Түркістан автономиясын құруға атсалысты?
5. М.Шоқай Түркістан автономиясы таратылғаннан кейін қайда кетті?
Зерттеу және талдау
Т Түркістанның Төтенше IV съезінің материалдарынан үзінді беріледі. Топ оқушылары төмендегі тапсырмаларды критерийлерге сәйкес талқылауы тиіс:
 Съездің шақырылу себебі мен мақсаты;
 Съезде қаралған мәселелер;
 Съезд шешімдері.
Т. Съезд деректеріне сүйеніп нақты аргументтер мен дәлелдердің байланысын анықтап талқылайды.

Дерекпен жұмыс істеу критерийлері:
1. Бұл құжаттың қашан, қайда пайда болғанын анықтайды;
(оның пайда болуының тарихи шарттарын сипаттап жазыңыз)
2. Бұл құжаттың өзі немесе бөлімдері қандай қоғамдық әлеуметтік топтардың, таптардың мүддесін қорғайтынын зерттейді;
3. Бұл құжаттың немесе оның жекелеген бөлімдерінің осы тәрізді басқа құжаттардан, басқа елдердегі құжаттардан айырмашылығын ажыратады;
4. Бұл құжатты енгізу мемлекет пен қоғамда қандай өзгерістерге әкелетіндігін болжайды.
Дескриптор:
Түркістанның Төтенше IV съезі бойынша:
1.Съездің шақырылуының бір негізгі себебі мен мақсатын түсіндіреді;
2.Съезде қаралған үш негізгі мәселелені атайды;
3.Съездің қабылдаған шешімін түсіндіреді.
Б Сұрақтар аялдамасы (ойын түрінде өткізуге болады)
1. Қоқан автономиясы қашан құрылды?
2. Қоқан автономиясының тарихи маңызы неде?
3. Түркістан автономиясының басқару және атқару органдарын ата?
4. Түркістан автономиясының басқару органдарының құрамы қанша адамнан тұрды?.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (2 сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (1 сабақ) 9 сынып тарих, қазақстан тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, қазақстан тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автониясының идеялары неліктен жүзеге аспады? (1 сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]