Сабақ жоспары (ұмж): Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.3.1 – Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ш.Уәлихановтың қазақ ғылымындағы ролін зерттейді.
(Б) БЫМ. Академик Н.И.Веселовскийдың цитатасын ұсынып, оқушылармен диалог құрыңыз.
«Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». академик Н.И.Веселовский.
Жетелеуші сұрақтар:
• Цитатада кім туралы айтылған?
• Цитатада берілген мәтін мазмұны арқылы нені аңғаруға болады?
• Тұлғаның қандай еңбектерімен таныссыздар?
(М) Жаңа сабақтың тақырыбын, зерттеу сұрағы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Зерттеу және талдау
Зерттеу сұрағы: Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
1-топ. Шоқан Уалихановтың балалық және жастық шағы
2-топ. Шоқанның білім алған оқу ордалары және орыс-демократ достары
3-топ. Шоқанның тұлғалық ерекшеліктері.
Дескрипторы:
1. Шоқанның шыққан тегі мен тәлім-тәрбиесі туралы ақпаратты сипаттайды, кемінде 4 факті келтіреді;
2. Шоқан білім алған ордалары мен орыс-демократ достары туралы талдайды, кемінде 4 факті келтіреді;
3. Шоқанның тұлғалық ерекшеліктеріне баға беріп, кемінде 4 факті келтіреді.
Кері байланыс. Топтардың бірін-бірі бағалауы
2-тапсырма. Дәйексөздермен жұмыс
«Халықтың қалыпты дамып, өсуі үшін, ең алдымен бостандық пен білім керек»
Ш. Уалиханов
«Ш.Уалиханов құйрықты жұлдыз сияқты біздің әлемімізге қысқа ғана уақытта пайда болып, жарқ етіп, жоқ болып кететін ерекше тұлғаларға жатады. Ол өзінің қайталанбас қасиетімен өзімен араласқан біршама адамадардың өмірін жарқын түске бояп кетуі үшін келді… Оның жүрегі нәзік, ақылы өткір болатын»
Г. Потанин
«Әрбір адамға қызмет етуге міндетті ең басты мақсат, бүгін және келешекте қарапайым барлық адамдарға бақыт әкелу үшін өз жолыңызбен жүріңіз»
Ф. Достоевский
Сұрақ: Дәйексөздер мазмұнынан қандай ортақ ойды байқауға болады?
Дескрипторы:
-Дәйексөздер мазмұнындағы авторлардың негізгі ойын біледі;
- Әр дәйексөз мазмұнындағы ортақ ойды анықтайды
Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Ш.Уәлихановты «Аққан жұлдыз» деп атайды? (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Тұңғыш ғалым (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Атақты тұлғалардың ерекшеліктерін талқылау (3 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]