Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
Сабақтың мақсаты: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу.
(Б) Ұйымдастыру сәті.
БЫМ . Ой шақыру.
- Суретке қарап, Сізге қандай ой келді?
-Ойыңызды түсіндіріңіз
-Бүгінгі тақырып мазмұны не туралы болмақ?
(М) Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Маңыздылық
Зерттеу сұрағы: Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?
(Б) Жаңа ұғымдармен жұмыс.
«Жұптарды сәйкестендір» тапсырмасы ұйымдастырылады. Әр топ берілген ақпарат бойынша тақтада көрсетілген ұғымдардың біреуін, оның мағынасымен сәйкестендіреді.
Әр жұп «шежіре», «шежіретанушы», «түп-тамыр», «даланың ауызша тарихнамасы» ұғымдарын мағынасына қарай сәйкестендіреді. Әр жұп жаңа сөздің мағынасын сынып оқушыларына түсіндіреді.
Зерттеу мен талдау
1-қадам. Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға шешіре туралы мәтін ұсынылып, төмендегі сұрақтарға жауап алынады.
-Шежіренің қандай түрлері тарих пәні үшін маңыздырақ? -Қазақ шежіресі қаншалықты зерттелген?
-Шежіретанушылардың еңбектерінен қандай құнды мәлімет алуға болады?
-Мәтіннен ХІХ ғасырдағы шежіре құрастырушылардың мақсатын түсіндір
2-қадам. Мәтінмен жұмыс.
Топтарға Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінен үзінді-мәтін таратылады. Белгіленген уақытта топ оқушылары жинақтаған ақпаратты бірге оқып, мазмұнын талқылап, зерттеу жүргізеді.
Сонан соң сынып алдында әр топ тұлғалар туралы ақпаратты сынып алдында жариялайды. Қалған топ оқушылары өздеріне қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алып отырады.
1-топ. Ш. Құдайбердіұлы
2-топ. М. Көпейұлы
3-топ. Қ. Халид......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 5-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]