Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
Сабақтың мақсаты: 1870 ж Маңғыстауда болған ұлт-азаттық көтерілістің себептерін, мақсатын, барысын және нәтижесін талдау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Өткен материалды еске түсіру
(Б) Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.
(М) Өткен тақырыпты (1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформалар) еске түсіру және жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
1) Патша өкіметінің 1867-1868 жж реформалар нәтижесінде Маңғыстау аймағы қандай облысқа енді?
2) Адайлар жерінің Ресей патшасының қол астына өтуі жергілікті халыққа қала әсер етеді деп ойлайсыздар?
3) Жергілікті халық қандай әрекетке бару мүмкін?
(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Себеп пен салдар
Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?
Зерттеу мен талдау
(Б) Оқушылардың ойын зерттеу мәселесіне шоғырландыру мақсатында суретпен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушыларға тарихи кезеңдегі Каспийдегі балықшылар мен көшпенді қазақтар өмірі туралы суреттер топтамасы ұсынылып, шағын тарихи әңгіме құрастыру тапсырылады. Оқушылардың
суретке қатысты ойлары толықтырылады.
(М) Жаңа тақырыпқа қысқаша шолу жасалынады.
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
«Жылқы қаңқасы»
(Ж/Ж) Әр оқушы немесе жұптасқан оқушыларға мәтін таратып беріңіз. Оқушылар берілген мәтінді оқып, топ ішінде талқылайды, нақты сұраққа жауап қарастырады. Мұғалім оқушыларды аралап, қолдау-көмек береді.
Мәтінді «Жылқы қаңқасы» әдісі арқылы талдау:
Себебі Мақсаты
Қозғаушы күштері мен жетекшілері
Оқиғалар
Нәтижесі
Фактілер
Жұптасқан оқушылар жылқының тұмсығына көтерілістің себебін (саяси, экономикалық, әлеуметтік), жылқының басына көтерілістің мақсаттарын, жылқының жалына көтерілістің қозғаушы күші мен көтеріліс жетекшілерін, жылқының қабырғаларына көтеріліс барысындағы маңызды оқиғаларды, оқиғаларға қатысты фактілерді жылқының тұяғына, көтеріліс нәтижесін жылқы құйрығына жазуы қажет. Жұптағы оқушылар «Жылқының» әр бөлігіне жазылған ақпарат бойынша өз түсініктерін толықтырып, талқылайды. Тапсырма аяқталғаннан кейін, мұғалімнің кезек-кезек сұрауымен жұптар өздерінің дайындаған жұмыстары бойынша жауап береді. Қалған жұптар жауап берген жұптардың жауабын тыңдап, қате ақпарат болса, түзетіп отырады. Өздерінде жоқ, дұрыс ақпаратты жұптар өздеріне жазып алып отырады. Тапсырманы оқушылардың өздері бағалайды. Кейбір жағдайда мұғалімнің де бағалауына мүмкіндік бар......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 1-сабақ 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]