Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.2.3 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: XIX ғ. қазақ зиялыларының ұлттық мүддені қорғау жолындағы қызметін талдау.
(Б) Үй жұмысын қайталау.
Жаңа тақырыппен байланыстыру.
М. Алдыңғы сабақпен байланыс орнату үшін, сыныптық талқылау ұйымдастырылады.
 «Зар заман» кезеңінің қандай өкілдерін білеміз?
 Олардың өмір сүріп отырған кезеңінде қазақ қоғамының жағдайы қандай болды?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылады.
Тарихи концепт: Дәлел
Зерттеу сұрағы: «Зар заман» өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?
Зерттеу мен талдау
Т Мәтінмен жұмыс. Оқушылар таратылған мәтіндерді оқиды, топ ішінде оның мазмұнын талқылайды.Ресей империясының отарлау саясатының әсерінен болған қазақ қоғамының жағдайын зерттейді. Маңызды ақпараттарды флипчартқа түсіріп, игерген білімдерін жариялайды.
І топ. Шортанбай Қанайұлы шығармаларының тарихи құндылығы қандай?
ІІтоп. Дулат Бабатайұлы шығармаларының тарихи құндылығы қандай?
ІІІ топ. Мұрат Мөңкеұлы шығармаларының тарихи құндылығы қандай?
ІV топ. Қазақ зиялыларының көтерген мәселелерінің маңыздылығы неде?
Оқушылар өз жауаптарын постерге түсіріп, бір-бірінің жұмыстарына «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.
Дескриптор:
Тапсырма орындалмас бұрын оқушылар мұғалімнің көмегімен дескрипторлар құрастырады.
 Ақпараттағы негізгі тұлғалар мен олардың көтерген мәселерін анықтайды;
 Басты мәселені анықтап, дәлелдер келтіреді;
 «Зар заман» өкілдері мен қазақ зиялыларының ой-пікірлерінің құндылығына баға береді. Қорытынды ой айтылады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 4-сабақ 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 4-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]