Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3 АОтарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Жанқожа мен Есет батырдың Орта Азия хандықтары мен Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күрестегі рөліне баға беру.
(Т) Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
(Б) Оқушыларды осы сабақта басты зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландырудан бұрын, өткен материалды еске түсіріп, пысықтап алуға назар аударылады. Оқушыларға 3 бұрыш әдісімен диалог әңгіме жүргізіліп, өткен материал еске түсіріледі.
(Б) Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.
(М) Оқушылардың жауабы тыңдалып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Енді бүгінгі сабақта Арал маңы мен Сыр бойы қазақтары көтерілісінің басшылары Жанқожа мен Есет батыр туралы зерттелетіндігі айтылады.
(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталады. Бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?
Зерттеу мен талдау
Жанқожа мен Есет батыр туралы пікірлерді ұсынып, сыныпта талқылау ұйымдастыру арқылы олардың ойын зерттелетін мәселеге шоғырландыру. Дәйексөздер мазмұнынан Жанқожа, Есет батырлардың жеке бас қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтап, ой-талқы ұйымдастыру.
1-тапсырма. Дәйексөздермен жұмыс
М. Тынышбаев: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрi би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».
Ресей сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің директоры болған Е. Ковалевский: «Есет Геркулес сияқты атлетикалық дене бітімді, сұлу келбетті және ерлік іс-әрекеттері кез-келген еуропалықты таңғалдыратындай және бұл қасиеттері өз отандастарына да қатты әсерін тигізген»
Б.Залесский:«Мен бір күнімді Есет Көтібаров деген қырғызбен өткіздім. Ол осы замандағы қазақ даласына танымал ерекше тұлға… ол көсем болып қалды…және қазының міндетін атқарды».
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға ақпаратты мәтіндер таратылады. Жұптағы оқушылар мәтін мазмұнын оқып, талқылайды. Әр жұп мәтіндегі талдау-ақпаратын өзара бөліседі. Мәтін ақпараты негізінде «Мінездеме беру тапсырмасын» орындайды. Жұптар бір-бірінің тапсырмасына кері байланыс береді. Мұғалім «үздік» деген 1-2 «мінездемені» сынып алдында оқытады.
Мінездеме беру тапсырмасы.
Аты-жөні:
Туған жылы:
Қызметі:
Біліктілігі:
Қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі:
Ортамен қарым-қатынасы, беделі:
Жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті:
Негізгі түйін, ұсыныс......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]