Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. ақын-жыраулар туындыларын тарихи дереккөз ретінде құндылығын бағалау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Оқушылар келмей тұрып сыныптың қабырғаларына, ХҮІІІ ғ. өмір сүрген ақын-жыраулардың суреттері, жырлары, жыраулар шығармалары туралы ақпарат пен қысқаша өмірбаяндар жазылған парақтар ілінеді. /Бұл көрнекіліктер сабақ барысында тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылады/
Сынып бөлмесіндегі мәліметтерге сүйене отырып, оқушылардан сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкіндігі сұралады.
- Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
-Суреттер мен мәтіндер мазмұнына қарап бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел
Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?
(Б) Жаңа ұғымдардың жұмыс.
Мұғалім тақырып анықталғаннан кейін жаңа білімді игеру барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушы алдын-ала біліп отыруы үшін «жұбыңды тап» тапсырмасы орындалады.
Тәуелсіздік- бостандық, азаттық
Елбірлігі –елдің татулығы, ынтымағы, достығы;
Отан қорғау- Еліңе қауіп төнгендегі жауға қарсы іс-әрекетің;
Ерлік- батылдық, батырлық, өжеттік
Жұмылдыру- ортақ мақсаттың орындалуы үшін түсінік жүргізу, ұйымдастыру;
Мадақтау- мақтау, дәріптеу
Зерттеу мен талдау
(Т) Мәтінмен жұмыс.
Интерактивті тақтаға бірден алтыға дейінгі сандар жазылған ұяшықтар шығарылады. Әр топ нөмірленген ұяшықты таңдайды. Таңдаған нөмеріне сәйкес алты топ белгілі бір жырау туралы ақпарат жинап, зерттеуі қажет.
Әр топ сынып бөлмесінде ілулі материалдардан өздеріне тиесілі жырауға қатысты ақпараттарды (Жырау суретін, жырларын, оның шығармашылығы туралы ақпарат пен өмірбаянын) жинап алады.
Топ оқушылары белгіленген уақытта жинақтаған ақпаратты бірігіп оқып, мазмұнын талқылайды. Сонан соң әр топ өздеріне қатысты жырау туралы ақпаратты сыныптастарымен бөлісу үшін, сынып алдында білімдерін жариялайды. (Топ оқушылары берген ақпаратта қате мағлұматтар болған жағдайда, мұғалім ескертіп түзетіп жібергені дұрыс)
Дескриптор:
- ХҮІІІ ғ. ақын-жырауды атайды;
- ХVІІІ ғ ақын-жыраулар шығармаларындағы тарихи оқиғаның кемінде 1-уін анықтайды;
- ХVІІІ ғ ақын-жыраулар шығармаларындағы негізгі идеяны талдайды
Кері байланыс. Топтардың бірін-бірі бағалауы. «Екі жұлдыз, бір тілек»......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 3-сабақ 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 3-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]