Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен патша өкіметі Қазақстан жеріне алдымен қазактарды қоныстандырды? (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен патша өкіметі Қазақстан жеріне алдымен қазактарды қоныстандырды?  (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Неліктен патша өкіметі Қазақстан жеріне алдымен қазактарды қоныстандырды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Ресей империясының отарлық саясатын талдайды
Отарлау саясатының дәстүрлі шаруашылыққа тигізген әсерін талдайды
Сабақтың басында видео ролик көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Б Оқушыларға казактардың суреттерін ұсыныңыз. Суретке сатылай сұрақ қою арқылы талдау жасатыңыз:
«Кімді көріп тұрсың?»
«Олар кімдер деп есептейсің?»
«Суретке қатысты қандай сұрақ туындайды?»
Ж.Ж Казактар туралы менталді карталар (интеллект карта) ұсыныңыз.
Қазақстан картасында казактардың орналасуын анықтауға тапсырма беріңіз. Оқушылар картадан Жайық, Сібір, Жетісу және Орынбор казактардың орналасқан жерін көрсету керек.
Ж/Т Деректі материалдарды зерделеп, казактардың Қазақстанның
аймақтарында пайда болу себептерін анықтауға тапсырма беріледі.
Қазақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әскері болды. Олар Жайық, Сібір, Орынбор және Жетісу казак әскерлері еді.Ресей империясындағы казак әскери бөлімдерінің негізгі қызмет түрлері, біріншіден, Ресейге жаңа жерлерді қосып алуға белсене қатысу; екіншіден, көрші мемлекет әскерлерінің шекараға басып кіруінен қорғау; үшіншіден, Ресей империясы құрамындағы бұратана халықтардың ұлт-азаттық қозғалысын, орыс шаруалары мен жұмысшы табының көтерілістерін аяусыз басуға белсене қатысу болатын Казактар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынас әр түрлі қалыптасты. Бір жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңінен өріс алды, тіл және мәдениет саласында жақындасу нығая түсті, ал екінші жағынан, өзара әсқери қақтығыстар жиі-жиі болып тұрды. Ондай шиеленісті оқиғалардың негізгі себебі жер дауына байланысты күрес еді. Бұл жағдай қазақтардың казактардың бекініс қамалдары мен станицаларына шабуыл жасап тұруына себеп болды. Өз кезегінде казактар да жазалау экспедициялары құрамында қазақ ауылдарына шабуыл жасап жүрді. Жайық, Орынбор, Сібір және Жетісу казактарының әскерлері қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерін аяусыз басып-жаншуға белсене қатысты......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Неліктен патша өкіметі Қазақстан жеріне алдымен қазактарды қоныстандырды? 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Неліктен патша өкіметі Қазақстан жеріне алдымен қазактарды қоныстандырды?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]