Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. басында Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдау қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси ахуалын түсінеді.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Слайд арқылы Қазақ хандығында қалыптасқан саяси жағдай көрсетіліп, оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
- Суретті көріп, не туралы ойландыңыз?
- Суретке қарап, әңгіме құрастырыңыз.
- Осы тұста Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай күйде еді?
- Бүгінгі жаңа тақырып қалай аталуы мүмкін?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
 Тарихи концепт (фокус): Себеп және салдар
Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?
(Б) Жаңа ұғымдардың мағынасын түсіндіру
Отар - Мықты мемлекетке тәуелді болған мемлекет;
Грамота- Тарихи оқиғаны растайтын мемлекеттік құжат;
Отаршылдық- Артта қалған елдерді жаулап алып, халқын тонау, қанау саясаты;
Елшілік- Бір мемлекеттен екінші мемлекетке жолданатын өкілдер тобы;
Бодан- Қорғаушы, қамқоршы
Аманат- Қымбат, бағалы затты, адамды біреуге уақытша қалдыру
Зерттеу мен талдау
(Т) Мәтінмен жұмыс
Әр топқа таратпа-мәтіндер таратылып, оқушылар Қазақ хандығы мен Кіші жүздегі қалыптасқан саяси жағдай туралы зерттеп, талдайды.
Мәтінді оқу.
«Сыни ойлау мен зерттеу»- пәндік дағды, оқылым- тілдік дағды жүзеге асады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1-топ. Қазақ хандығының саяси жағдайы;
2-топ. Қазақ хандығынан Ресейге жіберілген I, II елшіліктер;
3-топ. Кіші жүздегі саяси жағдай.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 1-сабақ 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]