Сабақ жоспары (ұмж): Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ
Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының шаруашылығының дамуына тигізген кері әсерінің салдарын анықтау.
М Оқушыларға қазақ халқының жоңғарға қарсы күрес туралы бейнеролик көрсетіңіз.
Т Бейнероликпен жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз:
Бірінші топ негізгі үш оқиғаны анықтайды;
Екінші топ сол кездегі маңызды үш тарихи тұлғаларды анықтайды;
Үшінші топ осы жылдардағы оқиғаларды сипаттайтын үш кілт сөзді анықтайды.
Төртінші топ негізгі географиялық белгілерді/ шайқастар болған орындарды анықтайды.
Содан кейін топтар өзара пікір алмасып, сыныпта талқылау жүргізеді, тиісті дәлелдер келтіреді.
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақ-жоңғар соғысында қандай шешуші шайқастар болды?
2. Жоңғар шапқыншылығының салдары қандай болды?
Зерттеу және талдау
Б Интерактивті тақта арқылы көрсетіңіз немесе келесі сөйлемді тақтаға жазыңыз: «өкшелері ауырып, табандары ағарғанша жүре берген, содан көлдің айналасына жеткен кезде етбеттерімен құлап жатып қалды».
Оқушылардан осы сөйлемнің мәнін түсіндіруін сұраңыз. Содан кейін мұғалім оқушыларға неге қазақ халқының басынан өткен ұлы апат жылдарын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталатындығын түсіндіреді.
Содан кейін оқушыларға Аңырақай шайқасы туралы қысқаша ақпарат беріп, оқушылардан оны талдау және оның ерекшеліктері мен нәтижелерін айқындауды сұраңыз.
Т Дереккөздермен жұмысты ұйымдастырыңыз. Оқушылардың міндеті - Жоңғар шапқыншылығының демографияға, экономикалық және саяси жағдайға тигізген әсерін, салдарына сараптау жасау.
Оқушыларға ақпараттық мәтінді (Қосымша 1) және ұсынылған мәтінге сай осы сұрақтарды талдауды ұсыныңыз:
1. Мәтінге атау беріңіз
2. Мәтіндегі екі негізгі идеяны белгілеңіз
3. Жоңғар әскерлерінің артықшылығы қандай болды?
4. Жоңғардан қандай қауіп төнді?
5. Қазақ әскері жоңғарларға қандай қарсылық көрсетті?
6. Жоңғар шапқыншылығының салдары қандай?
Әр топтың оқушылары өз жұмыстарының нәтижелерін сынып алдында қысқаша есеп беру түрінде көрсетуі керек......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ-жоңғар шайқастары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ 8 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]