Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау
Сабақ мақсаттары: Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын талдау.
Стимул тудыратын сурет
Сабақтың тақырыбымен,оқу мақсатымен таныстыру.
Б Хақназар ханның портретін, ордасының суретін, қылыш немесе қанжарды көрсетіңіз.
Осы заттардың арасында қандай байланыс бар? деген сұрақ қойыңыз. Оқушылардың болжауын тыңдаңыз.
Зерттеу сұрақтары:
Қасым ханнан кейінгі билік еткен хандар кезінде айырылған Қазақ хандығының жерлерін Хақназар хан қалай қалпына келтірді?
Қазақ хандығына көз тіккен сыртқы жаулардың шапқыншылық жоспарларын қалай тойтара білді?
Зерттеу мен талдау
Т Оқушыларға Хақназар ханның жүргізген сыртқы саясаты туралы ақпараты бар карточкалар таратыңыз.
Карточкалардағы мәліметтерді қолданып таңдаған позицияларын дәлелдеуді талап етіңіз:
1. Хақназар хан - Қазақ хандығын нығайтушы.
2. Хақназар – көреген, мәмілегер хан.
Хақназар билігінің кезеңіндегі саяси жағдай туралы негізгі ой түйінді жасауға тапсырма беріңіз.
Хақназар хан билігі кезеңі туралы бейнематериалды көрсетуге болады.
Т Мәліметтерге сүйене отырып карта арқылы Қазақ хандығы аумағының Хақназар хан тұсындағы өзгерістерін көрсетуді тапсырыңыз.
Б Оқушылардың интерпретациясынан кейін тақырыпты жалпылаңыз: ХVІ ғ. Қазақ хандығының көршілес мемлекеттермен қандай қарым - қатынаста болғанын түсіндіріп, Хақназар ханның неліктен бірнеше елдің ханы атанғанын оқушылардан сұраңыз......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «Қайта өрлеуі» деп атайды 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма? 7 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]