Сабақ жоспары (ұмж): Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталу және Тәуекел ханның інісі Есім хан билігінің маңызды жақтарымен танысу, оның саяси роліне баға беру.
Сәлемдесу. Сынып бойынша тексеру.
Жаңа тақырыпты Сөзтізбекті шешу арқылы ашу.
Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.
Есім хан туралы бейне материал көрсету
Сұрақтар қою арқылы оқушылардың мәліметті қаншалықты түсінгендерін сұрақтар арқылы тексеру:
-Есім ханның алдында қандай маңызды міндеттер тұрды?
-Есім хан тұсындағы хандықтың сыртқы саясаттағы ұстанымы қандай болды?
Оқушыларға Марғасқа жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырынан үзінді беріледі.
«Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың,
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!».
Үзіндіні оқып болған соң топтарға тапсырма беріледі:
1-топ. Бұл деректерде қандай оқиға сипатталады?
2-топ. Есім хан мен Тұрсын ханның арасында неліктен қарама – қайшылық пайда болды?
3-топ. Тұрсын ханмен жүргізілген соғыстың қандай салдары болды?
Топтық тапсырмаларды бағалау үшін үшбұрыш әдісі ұсынылады.
Тұрсын хан мен Есім ханға қарасты аймақты
кескін картаға түсіру.
Тәуекел хан мен Есім ханның саясаты және билік жүргізу ерекшелктерін салыстыру......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Есім хан Қазақ хандығының біртұтастылығын қалай сақтап қалды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «Қайта өрлеуі» деп атайды 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ 7 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]