Сабақ жоспары (ұмж): Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Түркілердің әскери өнері мен қолданбалы өнерінің жетістіктерін, шаруашылығын сипаттайды.
Б Стартер ретінде оқушыларға түркі әскері, қолөнері мен шаруашылығына қатысты суреттер топтамасы көрсетіледі.
-Бұл суреттен не көрдіңіздер?
-Суреттер бойынша қандай ой келді?
-Қандай сұрақтар туындады?
Оқушылардың пікірлерін тыңдалып, жаңа тақырыпқа шығу.
М Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері хабарланады.
1-ші тапсырма.
Т Оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топқа түркі тайпалары туралы араб және қытай деректері беріледі.
І топ: қытай деректері
ІІ топ: араб деректері
Топтар дерек негізінде түркілердің өмір салты туралы интеллект карта жасайды.
Әр топ сынып алдында қорғайды.
2-ші тапсырма.
І топ: араб және қытай деректерінің негізінде түркілер туралы ортақ қорытынды шығарады;
ІІ топ: араб және қытай деректерінің құндылығын бағалайды.
Әр топ сынып алдында өз жауабын қорғайды.
Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы
3-ші тапсырма.
Т Әр топқа түркілер туралы жеке тапсырма беріледі.
І топ: түркілердің әскери өнері
ІІ топ: түркілердің шаруашылығы;
ІІІ топ: түркілердің қолданбалы өнері
Зерттеу барысында келесі сұрақтарды қарастырылады:
1. көшпелілердің әскери өнерінің ерекшеліктері қандай?
2. көшпелі халықтың өмір сүру салтының артықшылығы неде?
3. қолөнердегі жетістіктер негізінде қандай тұжырымға келуге болады? Бүгінгі күнде оның қандай ұлттық құндылығы бар?
Дифференциация:
Оқушыларға берілген тапсырма бойынша қорғау форматын таңдауға мүмкіндік беріледі(презентация, постер, көрме т.б.)
Бағалау. Топтар құрастырған критерийлер бойынша өзара бағалайды. Критерийлер үлгісі:
-тақырыпты ашуы;
-дәлелдер келтіруі;
-креативтілік.
«Көшпелі өркениеттің жетістіктері қандай болды?» сұрағына әрбір оқушы өз ойын білдіріп, сабаққа қорытынды жасалады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ 7 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]