Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Оқушылар:
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін түсіндіреді, экономикалық байланыстардың, өнер мен ғылымның дамуына ықпалын талдайды.
Ұйымдастыру бөлімі
Бастапқы ынталандырушы материал.
Ұлы Жібек жолының картасын немесе түрлі-түсті суреттермен берілген иллюстрациясын көрсетіп, жібек матасының өндірісі туралы әңгіме-диалог өткізіңіз. Не білетіндерін анықтауға бағытталған сұрақтар қойыңыз
• Сіздер көріп отырған суреттен қандай мәлімет алуға болады?
• Берілген суреттердің арасында қандай байланыс бар?
• Бұл жол неліктен Ұлы Жібек жолы деп аталған?
Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Т 1-тапсырма. Ортағасырлық қалалар бойынша көрме дайындау.
1-топ. Отырар
2-топ. Испиджаб
3-топ. Тараз
4-топ. Йасы
Рөлдік ойын сценарийі бойынша «қала тұрғындары» (топтағы оқушылар) өнер көрмесін көрсетуге дайындалу қажеттігін ескертіңіз.
Әр топ өзіне бөлінген қала бойынша қосымша материалдарды, оқулықтардан алынған деректерді, таратпа сурет, иллюстрацияларды зерттеуге кіріседі.
Зерттелетін аспектілер негізінде тапсырмаларды беріңіз:
 Өз қалаңның архитектурасын суретте;
 Сенің қалаңда сауданың қандай түрлері дамығанын анықта;
 Жергілікті шеберханалар өнімдерінің тізімін жаса;
 Ақша түрлерін анықта;
 Сенің қалаңда қандай діни мекемелер барын зертте.
 Сенің қалаңа шетелдік саяхатшылар, саудагерлер келе ме?
 Сенің қалаңда қандай атақты ғұламалар, білім ордалары бар екендігін білесің бе?
Оқушылар өз жауаптарын презентация немесе макет түрінде суреттеп, «Өнер көрмесінде» ортағасырлық қаланың Ұлы Жібек жолындағы маңызын дәлелдеуі керек. Гид рөлінде өз қаласын таныстырулары керек.
Топтық бағалау
Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің, сәулет өнері, өнер мен білімнің дамуына ықпалын түсіндіреді.
Дескрипторлар:Әр топ өз қаласы бойынша:
Архитектурасын суреттейді;
Сауда түрлерін түсіндіреді;
Қолөнердің дамуына дәлелдер келтіреді;
Діннің таралуын сипаттайды;
Шетелдік саяхатшы, саудагерлердің болғанына дәлел келтіреді;
Атақты ғұламалардың еңбектерінен мысал келтіреді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ 6 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]