Сабақ жоспары (ұмж): Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Түркі халықтарының миграциялық үрдістерін сипаттайды;
• Ортағасырлардағы халықтар миграциясының себептерін талдайды;
• Түркі халықтарының территориясының кеңеюін картадан көрсетеді.
БЫМ Бастапқы ынталандырушы материал ретінде «миграция»» ұғымын сипаттайтын суреттер топтамасын келтіріңіз. Келтірілген суреттер бойынша сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз:
• Суреттерден не көріп тұрсыздар?
• Суреттерде қандай үрдіс сипатталған? Суретті бір сөзбен қалай атауға болар еді?
• Миграция дегеніміз не? Не себепті адамдар бір елдімекеннен екінші өңірге қоныстанады?
• Миграция үшін қандай себептер болады?
Б Оқушылар өз ойларын айтып, болжамдарын келтіреді. Оқушыларға интербелсенді тақтадан «миграция» ұғымының мағынасын көрсетіңіз. Оқушыларға өз жұмыс дәптерлеріне өздері болжаған миграцияның себептерін жазып алуды ұсыныңыз.
М Презентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.
ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
1-тапсырма.
Т Зерттеуді ұйымдастыру үшін оқушыларға түріктердің қоныс аударуы туралы аңыз материалды ұсыныңыз (Қосымша 1). Оқушыларды 3 топқа бөліңіз. Барлық топтарға ортақ тапсырма беріледі.
Мәтінге арналған критерии:
1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
2. Мәтіндегі басты ой-түйінді анықтаңыз.
3. Түріктердің географиялық мекен ауыстыруы жөніндегі ақпаратты сызбаға (түрік тайпаларының миграция жолдарын көрсетіңіз) айналдырыңыз.
4. Көшпелілердің миграциясы қандай салдарға әкелді? Кем дегенде 2-3 өзгерісті көрсетіңіз.
Т Әрбір топ сұраққа толық жауап беріп, дәлелдермен бекітеді. Топтың қалған мүшелері толықтырады, сұрақтар қояды.
2-тапсырма.
Т/Ж Мәтінді талдап болған соң оқушыларға карточкалармен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқушылардан Қазақстан жерінде ерте ортағасырларда қалыптасқан мемлекеттерді атап өтуді өтініңіз.
Тапсырманы орындау критерилері:
1. Карточкаларды хронологиялық реттілік бойынша орналастырыңыз;
2. Карточкадағы ақпаратқа сүйеніп Еуразия даласында орын алған саяси өзгерістерді сипаттаңыз;
3. Карточкадағы мәліметтен түркі халықтарының миграциясының кем дегенде 2 себебін анықтаңыз;
4. Картадан ертеортағасырларда Қазақстанда құрылған кем дегенде 3 мемлекетті көрсетіңіз.
Т Топтар өз жұмыстарының қорытындысын келтіреді. Сұрақ-жауап түрінде пікірталас ұйымдастырыңыз.
Интерпретация
М Миграция нәтижесінде болған өзгерістерді қорытындылау мақсатында интербелсенді тақтаға немесе оқу тақтасына ортағасырлық мемлекеттер картасын және қазіргі кездегі түрік республикаларының картасын іліңіз. Сонымен бірге, мұғалім әрбір топқа/жұпқа А2 көлеміндегі қағаздарды таратып беруі қажет. Бұл қағазға оқушылар төменде көрсетілген кестені сызып қойып, 3-тапсырманы орындайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түріктер туралы тарихи деректер (3-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ) 6 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]