Сабақ жоспары (ұмж): Түріктер туралы тарихи деректер (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Түріктер туралы тарихи деректер (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түріктер туралы тарихи деректер (2-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Көшпелілердің әскери өнері туралы қытай және араб деректерін сипаттайды;
• Түріктердің дүниетанымы туралы ортағасырлық деректерді сипаттайды.
М Сабақты өткен тақырыпты қайталаудан бастаңыз. Барлық сыныппен төмендегі сұрақтар бойынша талқылауды ұйымдастырыңыз:
• Қандай тақырыпты біз өткен сабақта қарастырдық?
• Түркі өмірінің қандай саласын қарастырдық?
• Көшпелілердің шаруашылығы мен тұрмысын қандай деректерден білеміз?
• Суреттерге қарап, бүгінгі сабақта біз түркі өмірінің қай саласын қарастыратынын ойланыңыз.
Б Оқушылар өз болжамдарын келтіріп, талқылайды.
М Оқушыларды тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.
Зерттеу және талдау
Т Дерекпен жұмыс жасауды ұйымдастыру үшін оқушыларды 3 топқа бөліңіз және деректерді таратыңыз (Қосымша 1).
1-ші және 3-ші топтарға «Түріктердің дүниетанымы туралы» дерек.
Дерекке арналған тапсырма:
1. Көшпелілерде ежелгі заманнан бері қандай діни наным-сенімдер сақталды?
2. Түріктердің арасында қандай дін таралды?
3. Көшпелілердің арасында Батыс пен Шығыс діндерінің таралуына не себеп болды?
4. Қытай және араб деректерінің тарихи маңызы неде?
2-ші және 4-ші топтарға «Түріктердің әскери ісі»
Дерекке арналған тапсырма:
1. Көшпелілердің әскери өнеріне баға беріңіз. 2-3 дәйекті мысалдар келтіріңіз.
2. Қалай ойлайсыздар көшпелілерде әскери істің дамуында қандай шаруашылық маңызды рөл атқарады?
3. Түріктер соғысты жүргізудің қандай тактикасын қолданды?
4. Түркі әскери қнері батыстан айырмашылығы неде? (Ежелгі рим әскери өнерін еске түсіріңіздер (5-сынып, Дүние тарихы)
Т Топтар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Мұғалім кері байланыс жасайды.
Алған білімді төмендегі сұрақтар арқылы бекітіңіз:
1. Араб және қытай деректерінің құндылығы неде?
2. Көшпелілердің қандай саласы деректерде толығырақ сипатталған?
3. Деректердегі ақпарат тарихи шындыққа сай келе ма? Қалай ойлайсыздар?
Интепретация
ЖЖ Оқушыларға еске сақталған деректерді стикерге жазып алып, оларды ақпараттық параққа ілуді ұсыныңыз:
Дін Әскери өнер.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Түріктер туралы тарихи деректер (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түріктер туралы тарихи деректер (3-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қимақ қағанаты (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қимақ қағанаты (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Түріктер туралы тарихи деректер (2-сабақ) 6 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Түріктер туралы тарихи деректер (2-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]