Сабақ жоспары (ұмж): Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4 A Ғұндар
Сабақ тақырыбы: Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады
тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Оқушылардың басым бөлігі:
тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
тарихи кезеңдердің негізгі ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады.
Бастапқы ынталандыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу.
Топқа бөлу:
(Топқа бөлудің түрлі тәсілдерін қолдануға болады). Сыныпты 3 топқа бөлу ұсынылады.
(М) Сабақтың және оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. (Оқушылар мұғалімнің айтуымен не өздері дәптеріне жазып алады)
1-топ:
2-топ:
3-топ:
Сабақ тақырыбына шығу (бейнематериал арқылы сыни тұрғыда ойландыра отырып). Бейнематериалды қарап отырып оқушылар тірек сөздерді жазып отырады.
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(Б) «Білу және түсіну» дағдысына негізделген
тапсырма.
Ж/Т Оқушылар жұпта, содан кейін топ ішінде талқылау жүргізеді. Ұнаған жауаптарға жұлдызшалар таратып беремін. (3 сұрақты 3 топқа бөліп беру ұсынылады).
Зерттеу сұрақтары:
• Ғұндар мемлекеттік дәрежеге қалай жетті?
• «Халықтардың қоныс аударуы» деп нені атайды?
• Сыртқы саясатта ғұндар қандай саяси бағыттарды ұстанды?
Критерийлер:
1) Тақырып аясында нақтылықтың болуы
2) Топ оқушыларының барлығының жұмыс істеуі, сөйлеуі
3) Жұмысты қорғауға 3 мин беріледі
Т Оқушылар ғұндар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндардың бет әлпетіне, тұрмыс-тіршілігіне ақпараттық карточкалар түрінде қысқаша мәлімет жазады. Топтарға бір-бірін бағалауды ұсынамын. Бұл жерде критерий ретінде: нақтылық, мәліметтің құндылығын көрсетемін.
Аммиан Марцеллин:
«Ертелі –кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса,кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді»,- дейді.
Византия елшісі Прииск:
«Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді», дейді.
Аттиланың бір замандасы:
«Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады», - дейді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді? 5 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]