Сабақ жоспары (ұмж): Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 5.4В Сарматтар
Сабақ тақырыбы: Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат)
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау
Сабақ мақсаттары: Сарматтардың көрші/ шалғай елдермен саяси қатынасын зерделеп талдау. Әскери өнердегі әйелдердің рөлін анықтау.
Өткен тақырыпты қайталау. Сәйкестендіру. Сарматтардың қоныстанған аймағы мен ескерткіштерін сәйкестендір.
1 Атырау облысы, Жылыой ауданы Сынтас ексерткіші А
2 Ақтобе облысы Мартөк ауданы Аралтөбе ескерткіші В
3 Елек өзенінің бойы Бесоба ескерткіші С
Жауабы
1 2 3
В С А
Дескрипторлар:
Қазақстан территориясын мекендеген сарматтардың археологиялық ескерткіштерін біледі;
Сармат қорғандарының орналасуын анықтайды.
Б Сыныпқа Қазақстанның ежелгі картасын ұсыныңыз. Картамен жұмыс жасау арқылы оқушыларға келесі сұрақты қою:
• Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізуі мүмкін?
• Оның себептері қандай?
Оқушылардың болжамдарын тыңдау.
М Сабақ тақырыбы, сабақ мақсаты мен табыс критерийлерімен таныстырып, сарматтардың жорықтары туралы қысқаша айта кету
Зерттеу мен талдау
Б/Т Деректермен жұмысты ұйымдастыру.
Т Тапсырма «Үш қадамдық сұхбат». Оқушылар мәтінмен жұмыстанады, сосын «Конверт сұрақ» тәсілімен сұрақтарға жауап береді.
«Үш қадамдық сұхбат» құралының алгоритмі
Орналастыру:
Сыныптағы оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек.
Жұмыс алгоритмі:
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.
Өзара бағалау мүмкіндігі бар. Бағалау критерийін оқушылармен бірге шығарып, жоғары ұпайды анықтауға болады.
Мысалы:
Жүйелі әңгімелеу – 1 ұпай
Сұрақты жауапсыз қалдырмау – 1 ұпай
Уақытқа бағыну – 1 ұпай
Кедергі келтірмеу – 1 ұпай
Барлығы – 4 ұпай.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Сарматтардың қандай археологиялық ескерткіштері бар? (2сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздік үшін күрескен танымал сақ батырлары кімдер (2-сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қыпшақ хандығы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат) 5 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]