Сабақ жоспары (қмж): Ежелгі адамдардың өміріне саяхат (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (қмж): Ежелгі адамдардың өміріне саяхат (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Сабақ тақырыбы: Ежелгі адамдардың өміріне саяхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет) көрсету.
Сабақ мақсаттары: Сабақта оқушылар алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін түсіндіреді. Оқушылар осы кезеңді шығармашылықтарын тарихи әңгімелеу, тарихи бейнелеу, тарихи көрініс және тарихи макет құрастыру арқылы көрсетеді.
Сабақтың ортасы:
Топтық жұмыс. Бірінші іс-әрекет. Оқушыларға «Тас дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша алынған білімді жүйелеу мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы ескертіңіз. Уақыт машинасы бойынша ұяшықтарды таңдауды ұсынамын. Мысалы: алғашқы адамдар, тас құралдары, кен өндіру, қыш құмыралар, петроглифтердің суреттері. Осы суреттер бойынша сол кезеңге ойша өтіп, нені елестеткендерін жазып алады.
1 топ: Журналистер:
«Менің тас дәуіріндегі бір күнім» тақырыбында оқиға орнынан репортаж дайындайды;
Критерийлері:
1. Пәндік мазмұны: кәсібі, тұрмысы және т.б
2. Өзектілігі: тас дәуірінің ерекшелігі, еңбектің рөлі, адам эволюциясы және т.б.
2 топ: Ұсталар:
Тас және қола дәуірінің еңбек құралдарының ішінен адамға ең үлкен пайдасын (қажетті) әкелген еңбек құралын таңдап, оның суретін салып, мысалдар келтіре отырып, өз таңдауларын негіздеу.
3 топ: Қыш құмыра (керамика) жасаушылар:
Тұрақтардан табылған қыш құмыраларды зерттеп, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсіндіреді. Қыш құмыралардың бірнеше нұсқасының суретін салады, ондағы бейнеленген суреттерді сипаттайды.
4 топ: Этнографтар:
Тас және қола дәуіріне тән ғұрыптармен наным-сенімдер бойынша презентация жасайды. Олардың мағынасын ашып, түсіндіреді.
Екінші іс-әрекет. Ежелгі адамдардың өміріне саяхатты мектеп ауласында немесе кітапханада өткізуге болады.
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ өзге топ өкілдерін бағалайды. Бағалау парақшасына белгілеп алып отырамын.
Оқушы үшін:
Бағалау критерийі № Дескрипторлар +/-
Тас дәуіріндегі Қазақстан территориясында қалыптасқан алғашқы адамдардың өмір сүру жағдайын әр салалар бойынша талдап береді. 1 Алғашқы адамдардың кәсібі, тұрмысы және тас дәуірінің ерекшелігі, еңбектің рөлі, адам эволюциясы және т.б. туралы біледі.
2 Тас және қола дәуірінің еңбек құралдарын сала алады.
3 Тұрақтардан табылған қыш құмыраларды зерттеп, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсіндіре алады.
4 Тас және қола дәуіріне тән ғұрыптармен наным-сенімдерін түсіндіре алады.
Ескертпе: Оқушыларға көріністерге қажетті барлық заттарды алдын ала дайындап, әкелуді ескертіңіз. Мысалы келесі қарапайым заттарды пайдалануға болады: маталар, тастар, ағаш шоқпар, жеміс жидектер, дән, аң терісінің қиындысы, ойыншық тырма, садақ пен жебе, найза, бумеранг, күйген ағаш, картон қағаздар, жүн, ұршық, жылтыр қағаз, фольга. Бұл сабақта оқушылардың білімін жинақтайтын түрлі шығармашылық тапсырмалар орындатуға болады (постер, зерттеу күнделігі, альбом жасату).
Болжам: деңгейі жоғары оқушылар өздіктерінен тапсырманы нақтылап бере алса, орта деңгейлі оқушылар өз тапсырмасын толықтай шеше алмаулары мүмкін. Ал төменгі оқушылар тапсырмадан ауытқулары мүмкін.
Топтық жұмыс. Сыныпты шағын топтарға бөлемін. Топтар келесі көріністерді көрсетеді:
І топ: ежелгі адамдардың тастардан еңбек құралын жасауы;
ІІ топ: терімшілік пен егіншілікпен айналысуы;
ІІІ топ: аң аулауы;
IV топ: от жағу тәсілін;
V топ: ежелгі адамдардың тастарға сурет салуы;
VI топ: тоқымашылық, тері өңдеу;
VII топ: баспана салу.
Оқушылар өздерінің алған білімдеріне негізделе отырып, өзіндік интерпретацияны көрсетеді. Әр топ өз көріністерін сипаттап, таныстыру қажет.
Бағалау: арнайы бағалау парақшасы арқылы өзіме белгілеп алып отырамын.
Оқушы үшін:
Бағалау критерийі № Дескрипторлар +/-
Ежелгі адамдардың өмір сүру жағдайының даму барысын анықтайды 1 Ежелгі адамдардың тастардан еңбек құралын жасауын біледі.
2 Терімшілік пен егіншілікпен айналысуын біледі.
3 Аң аулаулары туралы біледі.
4 От жағу тәсілі туралы біледі.
5 Ежелгі адамдардың тастарға сурет салулары туралы біледі.
6 Тоқымашылық, тері өңдеу тәсілдері туралы біледі.
7 Баспана салу әдістері туралы біледі.
Мұғалім. Бұл сабақты таспаға түсіріп, келесі сабақта талдауға болады.
Болжам: деңгейі жоғары оқушылар тапсырманы нақтылы орындаса, орта деңгейлі оқушылар мәселені тапсырманы толығымен ашып бере алмауы мүмкін. Ал төменгі деңгейлі оқушылар тапсырмадан ауытқулары болуы мүмкін.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (қмж): Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді – 1 сағат (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (қмж): Қазақстан жерінде металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (қмж): Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады – 2 сағат (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (қмж): Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (қмж): Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
кмж қмж сабақ жоспары Ежелгі адамдардың өміріне саяхат 5 сынып қазақстан тарихы, қазақстан тарихынан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, қазақстан тарихы кмж қмж кыска мерзимди сабак жоспары, Ежелгі адамдардың өміріне саяхат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]