Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі (9 сынып, IV тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі
Оқыту мақсаты: 9.5.2.6 Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады;
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымының жіктелуін талдайды, аймақтардағы проблемаларды анықтайды, шешу жолдарын көрсетеді.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.
ІІ.Тақырыпқа шығу.
Интебелсенді тақтада Қазақстандағы 2015-2019 жылдардың инфроқұрылымды дамыту бағдардамасының суреті көрсетіліп, сұрақ қойылады.
 Сурет бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға көмек бере ме?
 Неге олай ойлайсыз?
 Өз ойыңызды білдіріңіз? деген жетелеу сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.
Сабақтың мақсатын анықтау:
Павлодар ауданындағы сапалы ауызсу мәселесінен сурет көрсетіліп, оқушыларға:
- Суретте қандай елді мекеннің қай түрі көрсетілген? (ауыл, қала)
- Сурет арқылы сабақ мақсатын анықтай аламыз ба? деген сұрақтар арқылы жетелей отырып, жауаптарын тыңдап, сабақтың мақсаты анықталады.
Сабақты бастамас бұрын сабақ үрдісіндегі тәртіптің сақталуы еске салып өтіледі.
ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.
Оқушылар топтарға топталады «Қозғалыс парағы» арқылы/мұғалім алдын ала оқушылардың қабілеттеріне сай дайындап қойғаны абзал/
Топтардың орындайтын тапсырмасы
Журналистік зерттеу жұмысы.
Зерттеу жұмысына нұсқаулық:
1.Топтағы рөлді анықтау (журналист-маман)
Топ ішінде оқушылар өздері рөлдерді анықтап алады. (Журналист, журналистік сауалнама немесе зерттеуіне алатын мамандарды, қарапайым ауыл азаматтары, зауыт өкілі, диқаншы т.б)
2. Тапсырманы орындау барысында инфрақұрылымның функционалды салалары (1-саласын алады) жайлы сұрақ дайындалып және сол сұрақтарға топтағы оқушылар өз рөлдері бойынша жауап іздеу қажет.
Зерттеу сұрақтары
- инфрақұрылымының орналасу ерекшеліктері;
- олардың дамуындағы проблемалар;
- шешу жолдары төңірегінде болғаны дұрыс.
3. Жасалған тапсырманы 3-минуттық аудио жазба дайындау арқылы сыныптастарға тыңдату. (немесе постер, журналистің күнделігін жасауға болады)
Дескриптор
- инфрақұрылымның функционалды салаларын біледі;
- инфрақұрылымның функционалды салаларын жіктейді;
- инфрақұрылымының орналасу ерекшеліктерін анықтайды;
- аймақтардағы инфрақұрылымның дамуындағы проблемаларды зерттейді;
- шешу жолдарын ұсынады
Бағалау: «Үштік» әдісі Топтар келесі топ оқушыларының жұмыстарын 1,2,3- деңгейіндегі бағалармен бағалап дәлелдер береді.
ТАҚЫРЫП
ТҮСІНІКТІ дәлел
ТАҚЫРЫПТЫ АША БІЛУЛЕРІ,
Зерттеу деңгейі
дәлел
КӨРКЕМДІЛІГІ дәлел
І ТОП
ІІ ТОП
ІІІ ТОП
ІҮ ТОП
Ү топ
Мұғалімнің бағалауы:
Мұғалім сабақ барысында бақылаған сәттерінен айта отырып, сәтті шыққан және толықтыруға мүмкіндік бере отырып, ауызша кері байланыс береді.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы (9 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Ғаламдық проблемаларды шешу (10 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы елді мекендер проблемалары (9 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанда адамдық капиталды дамыту (9 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары №2 (9 сынып, II тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі 9 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]