Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саяси-географиялық жағдайы (9 сынып, IV тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саяси-географиялық жағдайы (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саяси-географиялық жағдайы
Оқу мақсаттары: 9.6.1.3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді;
Сабақтың мақсаты: ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайын сипаттап, баға береді.
«Ой шақыру»
ҚР жер көлемі бойынша әлемде 9 орын алатынын білесіңдер. Жер көлемінің үлкен болуы мемлекет үшін қандай әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық мүмкіндік береді?
Оқушылар жұпта талқылайды, қалаулары бойынша ойларымен бөліседі. Сабақ мақсатымен таныстырылады.
(Ж/Т) №1 тапсырма.
Оқушыларға тақырыпқа қатысты терминдер таратылады. Ғаламтордан терминнің анықтамасын тауып, мысал келтіреді және оны сыныптағы оқушыларға түсіндіреді
Оқушылар қиналған жағдайда мұғалім көмектеседі. Кейін тақтадан толық жауаптары көрсетіледі
Терминдер: Демаркация, делимитация, кеден, геосаясат, ыстық нүкте.
Дескриптор:
- Терминнің мағынасын түсіндіреді
- Терминге мысал келтіреді
Өзара бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды
(Т) №2 тапсырма.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, Қазақстан Республикасының географиялық жағдайын 3 факторға байланысты тиімді және тиімсіз жақтарына 2 аргумент арқылы баға береді (әлеуметтік, саяси, экономикалық).
ҚР географиялық жағдайына SWOT талдау жасайды және SWOT шешімдер ұсынады.
1 топ. Экономикалық жағдайы:
• Әлемдік экономикалық орталықтарға қатысы;
• Көршілік жағдайы;
• Халықаралық жолдарға қатысы, т.б
2 топ. Әлеуметтік жағдайы:
• Мемлекеттің АДИ көрсеткіші;
• Демографиялық жағдайы;
• Еңбек ресурсымен қамтылуы, т.б
3 топ. Саяси жағдай:
• Мемлекеттік шекара жағдайы;
• «Ыстық нүктелерге» қатысты жағдайы;
• Әлем мемлекеттерімен саяси қарым-қатынасы, т.б.
Әр топ осы мәліметтерді пайдаланып, ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына нашар/орташа/жақсы/өте жақсы деп баға береді және оған кемінде 3 дәлел келтіред
Дескриптор:
- ҚР географиялық жағдайының 1 тиімді жағына мысал келтіреді
- ҚР географиялық жағдайының 1 тиімсіз жағына мысал келтіреді
- Мәліметтерді ескере отырып, ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына баға береді
Өзара бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №2 (8 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1 (8 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары (9 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Геоэкономика (10 сынып, III тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саяси-географиялық жағдайы 9 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саяси-географиялық жағдайы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]