Географиядан сабақ жоспары: Тұрақты даму (9 сынып, III тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Тұрақты даму (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Табиғи ресурстар:
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты даму
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.5.1.4 «тұрақты даму» ұғымын түсіндіреді, тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын атайды;
9.5.1.2 тұрақты даму жөнінде зерттеу жүргізеді, ұсыныстарын түйіндейді (жергілікті компонент негізінде).
9.1.1.3 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар «тұрақты даму» ұғымымен танысып, тұрақты даму жөнінде зерттеу жүргізіп, жоба сызбасын ұсынады.
Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту ұсынылады (мұғалімнің жоспары бойынша).
Оқу мақсаттары (ОМ), сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері жарияланады.
Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты даму бағдарламасы туралы видоехабарлама көрсетіледі. Көрсетілім алдында мұғалім география пәніндегі 3-тоқсандағы, биология пәнінде қарастырылған ақпараттарға мән беріп, негізгі терминдерді еске түсіруді ұсынады.
Ой қозғау: Тұрақты даму туралы не білесіздер?
Оқушылар жеке ойланып, бірнешеуі жауап береді.
Мұғалім «тұрақты даму» ұғымын түсіндіреді. Тұрақты даму мен ноосфераның байланысына оқушылардың назарын аударады.
Сұрақ:
ҚР тұрақты дамуға байланысты жүргізіліп жатқан қандай бағдарламаларды білесіздер?
Күтілетін жауаптар:
Тұрақты даму туралы мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінмен танысып,
(Ж) тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын анықтайды, атайды. «Тұрақты даму» кестесін толтырады. 1-тапсырма.
(Т) Оқушылар Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясымен танысады. Мәтін ұсынылады.
Сынып оқушылары 3 орта топқа бірігеді – 1 және 2-топтарда 6-7 оқушыдан, 3-топта 3-4 оқушы (эксперттер тобы).
2-тапсырма.
Мұғалім 1 топқа «Болашақ қала», 2-топқа «Болашақ ауыл» жобасын сызуды ұсынады. Тақырып жеребе бойынша анықталады.
Бағалау критерийлері таратылады.
Нұсқаулық беріледі.
3-топ міндеттері жарияланады. Міндеті екі топты бақылап, бағалау.
Дифференциация: топта әр оқушы өз ойлау және оқу дағдыларына сай роль таңдап, тапсырмаларды орындайды.
Презентациялау: 4-5 минуттан.
Бағалау: эксперттер тобы бағалау критерийлеріне сай бағалайды. 2-3 минуттан.
Кері байланыс: Қай топтың ұсынған елді мекенінде тұрғыларыңыз келер еді?
Оқушылар жауап береді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: «Тұрақты даму» ұғымы (9 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Ғылыми техникалық революция (9 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы (9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Эмбриондық даму кезеңдері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Геоэкологиядағы антропогендік факторлар №2 (10 сынып, II тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Тұрақты даму 9 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Тұрақты даму

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]