Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары (9 сынып, III тоқсан)
Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандарының таралуын кескін картада көрсету;
Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандарын жоспар бойынша сипаттау;
Географиялық аудандардың бір-бірінен айырмашылықтарын анықтау.
Сәлемдесу. Іскерлік атмосфера орнату. Сәттілік тілеу. Оқушылар «климаттық карта», «топырақ картасы», «өсімдік жамылғысы», «жануарлар дүниесі», «Қазақстанның физикалық картасы», «Қазақстанның геологиялық картасы» карталары бейнеленген карточкаларды таңдау арқылы 6 топқа бөлінеді.
Презентациядағы суреттер бойынша сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаты айтылады. Оқушыларға сұрақ «Физикалық-географиялық аудан дегеніміз не?», «Физикалық-географиялық аудандастыру дегеніміз не?», «Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастырылуы мен ірі физикалық-географиялық аудандары туралы не білеміз?» деген сұрақтар қойылады. Оқушылардың жауаптарынан кейін, презентацияда жауаптар көрсетіледі.
«Физикалық-географиялық аудандастыру» дегеніміз.........
«Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары»....... туралы мәліметтер беріледі.
Қазақстанның физикалық-географиялық аудандары туралы оқушыларға сұрақтар қойылып, олардың жауаптары тыңдалып, презентацияда берілген ақпараттар бойынша қорытындыланады. Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандарының тізімі туралы ақпарат беріледі.
Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір жазығына қатысты ақпараттар келесі үлгіде АКТ-да беріледі.
: 1. Жалпы мәлімет (географиялық орны, көлемі); 2. Климаты; 3. Пайдалы қазбалары, топырағы мен биотасы.
Тапсырма 1. Топпен жұмыс.
Еуразияның физикалық картасынан берілген физикалық-географиялық ауданның географиялық орнын толық көрсетіп, Қазақстан жеріндегі бөлігіне сипаттама беріңіздер.
Физикалық географиялық ауданның жер бедерінің ерекшелігін геологиялық, тектоникалық, физикалық карталарды пайдаланып, анықтаңыздар.
Климаттық картадан климатының басты ерекшелігін анықтап, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін сипаттаңыз.
Географиялық ауданның экологиялық мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыныңыз.
1-топ: Тұран жазығы
2-топ: Орал таулы өлкесі
3-топ: Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы)
4-топ: Алтай-Саян таулы өлкесі
5-топ: Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай өлкесі
6-топ: Тянь-Шань таулы өлкесі
Дескрипторлар Білім алушы:
1. Әр топ өзіне берілген географиялық ауданның алып жатқан аймағын кескін картаға түсіреді, жер бедерін, геологиясын, климатын сипаттайды.
2.Ауданда кездесетін экологиялық проблемаларды анықтайды, оларды шешу жолдарын ұсынады.
Тапсырма орындалып болғасын, топтар өз аудандары бойынша ақпараттарымен өзге топтармен бөліседі. Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды. Кері байланыс жасалып, тапсырма қорытындыланады (20 минут тапсырманы орындауға, 10 минут оқушылардың жауаптарына беріледі)
Тапсырма 2. Топпен жұмыс.
Ірі физикалық-географиялық аудандардың жер бедерін өзара салыстырып, ерекшеліктерін анықтаңыз (Венн диаграммасын пайдаланыңыз).
1-топ: Шығыс Еуропа жазығы мен Батыс Сібір жазығы
2-топ: Тұран жазығы мен Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы)
3-топ: Алтай-Саян таулы өлкесі мен Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай өлкесі
4-топ: Тянь-Шань таулы өлкесі мен Орал таулы өлкесі.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақтың табиғи хоронимдері (физикалық-географиялық аудандардың атауы) (9 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау (9 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы №2 (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның басты орографиялық нысандары (9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: