Географиядан сабақ жоспары: Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №2 (9 сынып, III тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №2 (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Әлеуметтік география
Сабақтың тақырыбы: Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №2
Оқыту мақсаты: 9.4.1.5 қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді
Сабақтың мақсаты: еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамына баға беру және графикалық түрде көрсету (қазақстандық көрсеткіштерді басқа аймақтар мен елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде).
Амандасу
Топқа бөлу:
Өткенді қайталау.
Қалыптастырушы бағалау.
№1 тапсырма.
Миграцияның себептерін анықтап, сызбанұсқада көрсетіңіз.
Жаңа сабақ. Бейнематериал көрсету.Қазақстанның еңбек ресурстары
Термин сөзбен жұмыс.
Еңбек ресурстары
Еңбек ресурстары – бұл ақыл-ой және дене еңбегі тәсілдерін меңгерген, материалдық игіліктерді жасайтын немесе қызмет көрсететін халықтың еңбекке қабілетті бөлігі. Шынайы және потенциалдық жұмыскерлерден құралады. Еңбек ресурстарының құрамының өсуі және әлеуметтік-демографиялық факторлар мемлекеттік заңнамалық құжаттар жүйесімен анықталады. Еңбек ресурстары – республика халқының еңбекке жарамды бөлігі. Еңбек ресурсы еліміздегі жалпы халық санының 59,2% құрап, не 9 млн. астам адамды қамтиды. Қазақстанда заңнамаларға сәйкес еңбек етуге жарамды жас:
16-63 жастағы ер адамдар,
16-58 жастағы әйел адамдар.
Экономикалық белсенді халық – (жұмыс күші) – халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу, тауарлар мен қызмет көрсету өндірісінде жұмыс күшінің ұсынысын қамтамасыз ету үшін белгіленген, белгілі жастағы халықтың бөлігі. Халықтың экономикалық белсенді саны экономикалық әрекеттің барлық түрінде жұмыс істейтіндерді және жұмыссыздарды да қамтиды. Нарық жағдайында республика экономикасының құрылымын қалпына келтіру мақсатында болып жатқан өзгерістермен байланысты, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі құрылымында да елеулі өзгерістер болды. Қазір экономикалық белсенді халық еңбекке қабілетті бүкіл халық санының 69,9% құрайды.
Топтық жұмыс. №1 тапсырма.
Бірінші елдің халық саны 9230000 адамды құрайды оның ішінде жасөспірімдердің саны 2534000 адам, ал қарттардың саны 1245000 адамды құрайды
Екінші елде халық саны 7450000 адам, жасөспірімдер саны 1253000 қарттар саны 350000 адамды құрайды. Осы екі елдің еңбек ресурсын салыстырыңыздар және еңбек ресурсымен қамтамассыз етілуіне баға беріңіздер.
Тапсырманы орындау үшін қадамдар.
Бірінші қадам негізгі экономикалық белсенді халық, ересектер санын анықтаңыздар.
Екінші халық санының құрамын процент есебінде анықтау
үшінші қадам екі елде жастық құрам бойынша салыстыру.
төртінші қадам қорытынды баға беру.
Бағалау түрі: Өзін-өзі бағалау
Бағалау критерийі:
еңбек ресурстарының сандық құрамына баға береді
Дұрыс жауап:
Бірінші елде:
Ересек адамдар саны: 5451000
Қарттар:13,5%
Ересек адамдар: 59%
Жасөспірімдер:27,4%
Екінші елде:
Ересек адамдар саны: 5847000
Қарттар:4,7%
Ересек адамдар: 78,4%
Жасөспірімдер:16,8%
Жұптық жұмыс. №2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Бірінші елдің халық саны 9230000 адамды құрайды оның ішінде жасөспірімдердің саны 2534000 адам, ал қарттардың саны 1245000 адамды құрайды, оның ішінде қарттар үлесіндегі әйелдердің пайыздық көрсеткіші 65% ересектер үлесінде 52% жасөспірімдер үлесінде 50% құрайды. Осы мәлімет бойынша жастық жыныстық пирамида құрастырыңыздар. Құрастырған жастық жыныстық пирамидаға қарай отырып елдегі бір қатар көрсеткіштерге баға беріңіздер.
Әскери салаға
Индустрия саласына
ауыл шаруашылығына еңбек ресурсы жеткілікті деп ойлайсыздарма?
Бағалау критерийі:
Мәтінді пайдалана отырып жастық жыныстық пирамида сызады
еңбек ресурстарының сапалық құрамына баға береді....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №1 (9 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер №2 (8 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Демографиялық көрсеткіштерді есептеу салыстыру (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер №1 (8 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеу талдау (8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №2 9 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]