Географиядан сабақ жоспары: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1 (8 сынып, IV тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.6.1.4 елдердің саяси-географиялық жағдайына баға береді
Сабақтың мақсаты: Елдердің саяси- географиялық жағдайын талдап, баға беру.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
2. Тақтаға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары көрсетіледі.
3. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Елдің немесе аймақтың маңызды экономикалық орталықтарға, әлемдік көлік және сауда жолдарына, интеграциялық топтар, туристік ағындарға қатысты позициясы тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ саяси география үшін де маңызды. Өйткені олардың қауіпсіздігі, қалыпты жұмыс істеуі әлемдегі саяси жағдайға байланысты. Елдердің геосаяси жағдайын макро, мезо, микродеңгейдегі позициясы арқылы бағалайды.
Макродеңгей жаһандық деңгейдегі орнына баға беру. Ол ең алдымен елдің әскери-саяси және саяси топтарға, халықаралық шиеленістің және әскери қақтығыстарға (ыстық нүктелердің) қатысы орны, демократиялық және тоталитарлық саяси режимдер және т.б. қатысты бағаланады.
Мезодеңгей бұл, әдетте, өз аймағындағы немесе көршілес елдерге қатысты позициясы арқылы анықталады. Жақын маңдағы аймақтың сипаты, ең алдымен, саяси қарым-қатынастар арқылы анықталатын ролі.
Елдің геосаяси жағдайында микродеңгейде сипаттау оның шекарасының белгілі бір учаскелерінің орналасқан жерін, шекара маңындағы аймақтарды көрші мемлекеттермен байланыстыру сипатын немесе кемшілігін (саяси және әскери-стратегиялық тұрғыдан) түсіндіреді.
Елдің саяси географиялық жағдайын сипаттауда қолданылатын факторларды көрсетеді.
4 (Т) Елдердің геосаяси жағдайына баға беріңіз. Бағалауды картасхемамен түсіндіріңіз.
1-топ. Ресей
2-топ. АҚШ
3-топ. Жапония
4- топ. Франция
5-топ. Қытай
Дескриптор Оқушылар
 Елдердің геосаяси жағдайына баға береді
 Геосаяси бағалауды картасхемамен түсіндіреді.
5.(Д) Қазақстанның геосаяси жағдайына баға береді.
Геосаяси орнының қолайлы/ қолайсыз тұстарын анықтайды.
Дескриптор Оқушылар
-Қазақстанның геосаяси жағдайына баға береді
-Геосаяси орнының қолайлы/қолайсыз тұстарын анықтайды.
7. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №2 (8 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саяси-географиялық жағдайы (9 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Елдердің саяси типологиясы №1 (8 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер №2 (8 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Саяси интеграция (8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1 8 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]