Географиядан сабақ жоспары: Су апаттары №2 (8 сынып, II тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Су апаттары №2 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера
Сабақ тақырыбы: Су апаттары №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.3.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады
Сабақ мақсаттары: жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады.
 Сәлемдесу
 Ынтымақтастық атмосферасын құру
 Бүкіл сыныппен жұмыс, суреттерді талдаңыз
Тапсырма 1 Су тасқынының себептерін талдаңыз.
Оқушылар су тасқынының себептерін айтады. Сосын топтарға себептерді бөліп беріңіз. Олар осы себептерді топтастыру жұмысын жүргізсін...
˗ І топ – гидрологиялық
˗ ІІ топ - климаттық
˗ ІІ топ- антропогендік
Ары қарай су тасқынының салдарын талдатыңыз.
˗ І топ – әлеуметтік
˗ ІІ топ – Экологиялық
˗ ІІІ топ- экономикалық
Бағалау критерийлері
Өзара топтық бағалату керек. топтар өз жұмыстарымен алмасып,бір –бірін бағалауы керек.
- су тасқынының себебін түсіндіреді ( нақты мәліметтер) ;
- су тасқынының салдарын сипаттап, мысалдар/ дәлелдемелер келтіреді;
Тапсырма 2
Осы топта алдын алу шараларын ұсынады
Өзен тасқынының деңгейі Экономикалық салдары Экологиялық салдары Әлеуметтік салдары Қорытынды
Баяу
Орташа
Қатты
Бағалау критерийінің дескрипторлары
- алдын-алу шараларын ұсынып, сипаттайды
өзара немесе өзін өзі бағалатуға болады. Немесе мұғалім бағалап шықса да болады.
Тапсырма 3
Алдымен су апаттарының шешу жолдарының екі бағытын түсіндіріңіздер. Инженерлік іс – шаралар:
Дамбалар салу және оларды нығайту, өзендердің су өткізу қабілеттерін арттыру (пропускная способность), өзен арнасын кеңейту, депольдеризация, су тасқынының артық суларын ағызатын каналдарды салу, арнайы халықты қорғау орындарын салу, жағаны бекіту жұмыстары .
Инженерлік емес іс –шаралар:
Мониторинг, халықты хабарландыру, эвакуация, мүлікті сақтандыру, билік орындарының дайындығы.
Тапсырма: осындай іс –шараларды ұйымдастыруды практикалық түрде жасауды талап етіңіз. Әр топты әртүрлі қызмет өкілдері ретінде тапсырма беруге болады
І топ –әкімшілік
ІІ топ – төтенше жағдайлар комитеті
ІІІ топ – студенттер
ІV топ –ауыл халқы
Іс шараларды әр топ ұсынады. Топтар өзара бір –бірін бағалайды. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Су апаттары №2 8 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Су апаттары №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]