Географиядан сабақ жоспары: Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау № 2 (8 сынып, II тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары:  Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау № 2 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера
Сабақ тақырыбы: Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау № 2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.5 өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады
Сабақ мақсаттары: Өсімдіктер әлемінің қорғау қажеттілігін дәлелдеу, қорғау жолдарын ұсыну;
Жануарлар әлемінің қорғау қажеттілігін дәлелдеу, қорғау жолдарын ұсыну;
 Сәлемдесу
 Түгелдеу
 Видео ролик көрсетіледі. Сол ролик бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.
 "Миға шабуыл" сұрақтары
Табиғатты не үшін қорғау керек?
 Үй тапсырмасын сұрау
 Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен танысу
 Оқушыларға Қызыл кітап туралы ақпарат беріледі. Мұғалім қысқаша түсіндіріп береді.
 Тапсырма 1. Топтық жұмыс. Диалогтік оқыту. Әрбір топқа мәтін таратылады, сол мәтінді топта оқып, талдайды.
Сыныппен талдау, бағалау
 Тапсырма 2. Зерттеу жұмысы. Тақырып бойынша шағын зерттеу жұмысын орындайды. /тақырып, өзектілігі, зерттеу мақсаты, дәлелдеме, проблеманы шешу жолдарын ұсынады/
 Сынып алдында қорғайды.
Зерттеу жұмысы топпен бірге орындалады. Сонымен қатар зерттеу жұмысы барысында компьютерлер қолдануға, өзге пән мұғалімдерінен ақпарат алуға, кітапханадан ақпарат іздеуге рұқсат етіледі
Немесе екінші нұсқа: өздеріннің Қызыл кітабын жасайды. Бес шағын топқа бөлініп, әр топ қызыл кітаптың бір бетін алып, бетке қорғауды қажет ететін жануар, өсімдік немесе саңырауқұлақты түсіреді. Өз таңдауларын түсіндірп, жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдеп, қорғау жолдарын ұсынады.
Қара - жойылып кеткен
Қызыл - жойылып бара жатқан
Сары - сирек кездесетін
Ақ - аз зерттелген
Жасыл - қайта қалпына келтерілген
Топтар арасында өзара бағалау жүргізуге болады.
Бағалау критерийлері:
Қызыл кітап туралы ақпаратты талдай алады;
*Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарларды жіктей алады;
*Өсімдіктерді қоғау жолдарын ұсынады.
*Жануарларды қорғау жолдарын ұсынады
 Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек
 Бағалау: Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау жүзеге асырылады.
Үйге тапсырма: Қазақстанның өсімдік жамылғысымен танысу......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау № 2 8 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау № 2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]