Географиядан сабақ жоспары: Су қорларының шаруашылықтағы маңызы (8 сынып, II тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Су қорларының  шаруашылықтағы маңызы (8 сынып, II тоқсан)

Пән: география
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера тарауы
Сабақтың тақырыбы: Су қорларының шаруашылықтағы маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқубағдарламасынасілтеме)-су қорының шаруашылықтағы маңыздылығын түсінеді.
-тақырыптық карталар мен сызбалар пайдалану,су ресурстарымен қамтамасыз етілуді талдау жасайды;
Сабақ мақсаттары: -су қорының шаруашылықтағы маңыздылығын түсіну.
-тақырыптық карталар мен сызбалар пайдалану,су ресурстарымен қамтамасыз етілуді талдау;
-су ресурстарының қорын сақтауды шешу жолдарын ұсыну;
-су ресурстарының маңызын білу
Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Бұрыңғы білімді жандандыру
Географиялық диктант:
-Аралдар мен жағалаулар арқылы бөлінген мұхиттың бөлігі? (теңіз)
-Жерорта, Қара, Қызыл, Азов теңіздері қандай түрге жатады? (ішкі)
-Мұхитпен байланысып жатқан теңіз түрі? (сыртқы)
-Аралдар арасында орналасқан теңіздер? (арал аралық)
-Бір бөлігі құрлыққа терең еніп жатқан мұхиттың немесе теңіздің бөлігі? (шығанақ)
-Құрлықтар арасын бөліп тұрған енсіз су айдыны? (бұғаз)
-Табиғи ойыс жерлерге жиналған су? (көл)
-Табиғи сутоғандар? (су қоймалар)
-Табиғи арна арқылы ағатын су?(өзен)
Жаңа тақырып:
" Бейне-ролик " -су қорын көрсету.
" Миға шабуыл" - бейне-роликке байланысты талдаулар жасау. Қосымша №1.
№1 тапсырма. Төмендегі диаграммаларды пайдаланып әлем елдері мен аймақтарының су қорымен қамтамасыз етілуін талдаңдар. Қосымша №2.
Талдау сұрақтары:
1. Берілген диаграмма бойынша су қорларының әлем бойынша таралуын сипаттаңдар.
2.Неліктен су қорлары әлем бойынша біркелкі таралмаған?
3.Әлемнің қандай аймақтары су қорымен жақсы қамтамасыз етілген?
4.Су қорларының таралуына қандай факторлар әсер етеді?
5.Су қорларымен аз қамтылуы ел экономикасына әсер етеді ме?
Дескрипторлар:
- Оқушы диаграмманы пайдаланып әлемнің су қорлармен қамтамасыз етілуін талдай алады.
- Су қорының таралуына әсер етуші факторларды атап бере алады
№ 2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс
-Неліктен Қазақстан аумағы бойынша су қорлары әркелкі?
-Картадан еліміздің қандай аумақтары су қорларымен жақсы, қай аумақтары нашар қамтамасыз етілгендігін анықтаңдар.
-Өзендері қай мұхит бассейндеріне жататындарын талдаңдар.
-Елімізде суды қандай шаруашылық түрлеріне көбірек қолданылады?
-Картадан Қазақстанның ірі өзен, көлдерін көрсетіңдер.
Дескрипторлар:
- Қазақстан аумағындағы су қорының түрлерін картадан көрсете алады
- Әркелкі орналасу себебін түсіндіре алады.
№3 тапсырма. “Сенің әрекетің”
1.Неліктен гидросфераның көп бөлігін тұзды су алып жатыр?
2.Неге тұщы су қоры Жер шарында жеткіліксіз?
3.Судың көп бөлігі қандай мақсатта пайдаланылады?
4.Адам өмірінде судың маңызын қандай жағдайларда көруге болады? 3 мысал келтір.
Дескрипторлар:
- Жер шарында тұзды судың неліктен көп екендігін түсіндіре алады
- Судың адам өміріндегі маңыздылығын айта алады
№4 тапсырма.Карта арқылы талдау.
1.Сумен қамтылуы төмен, орташа, жоғары деңгейлерге бір-бір елден жаз.
2.Оған әсер етуші 3 факторларды анықта
3.Төмен елдердің мәселесін шешу үшін бір мысал келтір
Дескрипторлар:
-Картадан сумен төмен , орта, жеткілікті қамтылған елдерді көрсетеді
- Төмен елдердің мәселесін шешуге бір ұсыныс айта алады
№5 тапсырма. Судың өнеркәсіп пен шаруашылық салаларында пайдалану дәрежелерін анықтау. Су көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау.Д.ж.ұзын өзендердің біріне зерттеу жүргізу.
Жоспары:
А. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауда осы өзенді пайдалануы.
Ә. Ірі айлақтар мен тасымалданатын жүктің түрлері қандай?
Б.Өзеннің болашағы жайлы не айта аласыз?
Дескрипторлар:
Судың өнеркәсіп пен шаруашылық салаларында пайдалану дәрежелерін анықтап, талдай алады
1.Гидросфера қабатын ластаушы көздерді атаңдар
2. Суды ең көп пайдаланатын сала?
3.Дүниежүзілік мұхитты қандай заттар ластайды?
4. “ Су- алтыннан да қымбат” деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер. Бұл айтылған сөз қандай елдерге тиесілі деп ойлайсыңдар?
5.Адамзаттың суға деген сұранысын азайтуға арналған шараны ұсыныңдар......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының экологиялық мәселелерінің шешу жолдары (8 сынып, II тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының пайда болуы мен қалыптасу жолдары №1 (8 сынып, II тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары №1 (9 сынып, II тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының пайда болуы мен қалыптасу жолдары №3 (8 сынып, II тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері (8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Су қорларының шаруашылықтағы маңызы 8 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Су қорларының шаруашылықтағы маңызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]