Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің жіктелуі (8 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің жіктелуі (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Жер бедерінің жіктелуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.3 жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды
Сабақ мақсаты: Оқушылар істей алады:
Жер бедері түрлерін ажырата алады.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийі, тілдік дағдылармен таныстырылады.
Сабақ басында оқушылармен жағымды орта қалыптастыру үшін «Жүрек жылуы» әдісін қолдану.Оқушылар шеңберге тұрып бір- біріне тілектер айтады.
Тапсырма №1.Жер бедері формаларын атаңыз. «Суреттер сөйлейді» оқушыларға бірнеше суреттер көрсету қажет, олар олардың атауын атайды.
Одан кейін олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтап айтып береді.
Жұптық жұмыс.
Осы жер бедерінің ерекшеліктерін білу үшін сипаттайтын жоспар .
Ендеше жоспар құрастырып көріңіздер. Оқушылар жер бедерін түрлерін сипаттауға арналған жоспар құрады.
Дескриптор
Оқушылар жер бедерін түрлерін сипаттауға арналған жоспар құрады.
(М) Мұғалім оқушылардың жасаған жоспарларын толықтырады және сол жоспар негізінде таңдау бойынша кез келген жер бедерін сипаттауды ұсынады.
Ол үшін оқушыларды оқушы санына қарай топқа бөлу қажет.
(Т) Жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды.
1-топ – Еуразия
2-топ – Аустралия
3-топ – Солтүстік Америка
4-топ – Оңтүстік Америка
5-топ - Африка
Тапсырма: Материктің таңдау бойынша жер бедерін (тауын немесе жазығын т.б) жоспар бойынша сипаттаңыз. Ол үшін оқушыларға постер қалам, қарындаштар таратылады.
1. Жер бедерінің атауы:
а.қандай материкте орналасқан
b.қандай географиялық нысандармен
шектеседі
2. Жер бедерінің орналасу бағыттары қандай?
3. Теңіз деңгейінен ең жоғары жатқан немесе ең төмен жатқан биіктіктерін анықтаңыз.
4. Жер бедерін қалыптастырған күштерді анықтаңыз.
5.Ол жер бедерін шаруашылықта қалай пайдалануға болады.
Бағалау критерийі
1. Жер бедерінің атауын атайды.
2. Орналасқан материгін анықтайды.
3. Шектесетін географиялық нысан атайды.
4. Жер бедерінің орналасу бағыттарын анықтайды.
5. биіктіктерін анықтайды.
6. Жер бедерін қалыптастырған күштерді анықтайды.
7. Ол жер бедерін шаруашылықта қалай пайдалануға болатынын болжайды.
Бағалау әдісі. «Галерея әдісі»
Оқушылар постерге жасаған жұмыстарын қабырғаға іледі. Топтар бір-бірін бағалайды. Стикер жапсырады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерін жоспар бойынша сипаттау (8 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары (8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жер бедері дегеніміз не? (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері (8 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №1 (9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жер бедерінің жіктелуі 8 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Жер бедерінің жіктелуі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]