Географиядан сабақ жоспары: Табиғи ресурстардың жіктелуі (7 сынып, IV тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Табиғи ресурстардың жіктелуі (7 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Табиғи ресурстардың жіктелуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме) 7.5.1.1 табиғи ресурстарды жіктейді;
7.5.1.2 табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
7.5.1.3 табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді
7.2.1.2 Географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
Сабақ мақсаттары: Суреттер арқылы табиғат ресурсты жіктеу;
Атлас қартаны қолдана отырып табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсету;
Интернет желісін қолдана отырып, табиғи ресурстардың тралу заңдылықтарына талдау жасау.
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламыз. (Бұл өз кезегінде оқушыларға сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді).
Суреттерге қатысты қойылатын сұрақтар:
 Суреттерден нені көріп тұрмыз?
 Барлық суреттерге ортақ қандай тақырып болуы мүмкін?
Тақырыпты ашқаннан кейін сабақтың оқу мақсатын оқушылармен бірге талдаймыз.
Миға шабуыл:
 Табиғат ресурстары дегеніміз не?
 Табиғат ресурстарының қандай түрлері бар?(түрлерін жай ғана атап шығады. Мысалы, су, мұнай, газ, көмір, темір, т.б.)
Оқушылардың жауаптарын осылай қорытындылауға болады:
Табиғат ресурстары- адамның табиғаттан алатын, өз қажетіне қолданатын барлық ресурс түрлері.
Сыныппен жұмыс:
Оқушылардың әрқайсысы өздері айтқан табиғат ресурстарын әртүрлі топтарға жіктейді де, сыныппен ортаға салып сызбанұсқаларымен бөліседі. (Бұл оқушылардың жинақтау,сыни ойлау дағдысын дамытуға көмектеседі)
Осы тапсырманың қорытындысы ретінде төмендегі кестелерді ұсынамыз:
Сарқылатын Сарқылмайтын
Қалпына келетін: топырақ, флора мен фауна Ғарыштық
Қалпына келмейтін: минералды ресурстар Су, жел энергиясы, ауа массалары
Сыныппен жұмыс:
Партаның үстіне құтыдағы су, сіріңке, әшекей бұйымдар, мысалы алтын жүзік немесе күміс сырға, матадан жасалған қаламсалғыш қойылады. Осы заттарға қарап, оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:
 Қай ресурс түріне жатады?
 Бұл ресурс шығу тегі бойынша қай топқа кіреді?
 Бұл ресурс көбінесе қандай жерлерде кездеседі, не үшін?
 Қорытынды
Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/ –
Табиғи ресурстарды жіктейді 1 Қай ресурс түріне жататындығын анықтайды
2 Бұл ресурс шығу тегі бойынша қай топқа кіретіндігін анықтайды
3 Ресурстың көбінесе қандай жерлерде кездесетіндігін және себептерін түсіндіреді
4 Қорытынды жасайды
Бағалау:Оқушылар бір-бірінің жауаптарын осы дескрипторлар арқылы бағалайды.
(Бұл тапсырма әсіресе кинестетик типтегі оқушылардың есте сақтауына әсер етеді. Бұл оқушыларда сыни ойлау, талдау дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.)
Оқушылар жауаптарын қорытындылау және төмендегі кестені ұсыну. Оқушылармен бірге ауызша талдау.
Табиғат ресурстары
Су Жер Биологиялық Рекреациялық Агроклиматтық Минералды
Дүниежүзілік мұхит
Теңіздер
Көлдер
Өзендер
Мұздықтар
Батпақтар
Жер асты сулары Топырақ
Егістік жерлер
Шабындық жерлер Өсімдіктер дүниесі
Жануарлар дүниесі Жағажайда
Тауда,
Санаторийлерде демалу арқылы денсаулықты қалпына келтіру Күн радиациясы,
Температура,
Ылғалдылық,
Жел т.б. Жердің қойнауынан алынатын пайдалы қазбалар.
Жұптық жұмыс:
(Бұл тапсырмада жұптарды алдын-ала өз есебіңіз бойынша бөлуге болады, яғни деңгейіне қарай ∕ жақын отырған жұптар бойынша, уақыт унемдегіңіз келсе ∕ оқушылардың өз еркі бойынша бөлуге болады. Тапсырмада еркіндік беріліп отырғанның мақсаты-оқушылар өздерін еркін сезіну үшін, ешқандай алалаушылықты сезбес үшін, ал, өз еркі бойынша жұптарын таңдауы-өздері жақсы түсінісетін достарымен сапалы жұмыс жасау үшін. Негізгі тапсырманың мақсаты-жоғарыдағы кестеде көрсетілген оқу мақсаты мен қолдану, талдау, сыни ойлау дағдыларын дамыту.)
Оқушылар тақтада ілулі тұрған суреттерді таңдап алу арқылы төмендегі критерийлер бойынша жұмыс жасайды:
 Ресурстың аты;
 Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?
 Өндірілетін жері (ірі бассейндері);
 Қолданылуы (қай салада);
 Кескін картаға таралу аймақтарын түсіру;
 Неліктен дәл сол жерде кездеседі?
 Ол ресурс сіздің өлкеңізде кездеседі ме?
 Дәптерге осы ресурстың таралуына қатысты 5 сөйлемнен тұратын қорытынды жазу
Ұсынылатын суреттегі ресурстар:
 Мұнай;
 Көмір (тас көмір);
 Темір;
 Табиғи газ;
 Мыс;
 Алмаз
Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/ –
Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетед
Суреттер арқылы табиғат ресурстарының атын, өндірілетін жерін, қолданылуын сипаттай алады.
Ресурстың өз өлкесінде таралу мүмкіндігін талдай алады
Шартты белгілерді пайдалана отырып, табиғат ресурстарын кескін картаға түсіре алады.
5 сөйлемнен тұратын қорытынды жаза алады
Бағалау: Әр жұп бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды.
Қорытынды: Әр табиғат ресурсының таралуына географиялық орналасуы, сол жердің климаты, табиғат жағдайы, жерінің геологиялық құрылымы, жер бедері ж.т.б. факторлар әсер етеді. Ағаш сүрегі экватор маңында көп шоғырланған, себебі ол жақтың климаты жылы әрі ылғалды, металл кендері – таулы аймақтарда, себебі сол жерлерде лава атқылау көп болды, лава көптеген элементтерге бай, рекреациялық ресурстар – табиғаты көркем, климаты қолайлы жерлерде, құнарлы топырақтар – қоңыржай белдеулерде т.с.с.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №1 (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №2 (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Табиғи ресурстар ды өңдеу технологиясы орталықтары және дайын өнім түрлері (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары №1 (9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Табиғи ресурстардың жіктелуі 7 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Табиғи ресурстардың жіктелуі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]