Географиядан сабақ жоспары: Атмосфера және оның құрамы (7 сынып, II тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары:  Атмосфера және оның құрамы (7 сынып, II тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспарм бөлімі: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Атмосфера және оның құрамы
Оқу мақсаты: Атмосфера құрамын сипаттайды
7.3.2.2 - Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіреді
Сабақтың мақсаты: Атмосфера құрамын сипаттау .
Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіру .
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топтарға біріктіру: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера
( мүмкін сутегі, оттегі, азот, көмірқышқыл газы, озон және т.б.
Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлауы)
Ой қозғау:
Бүгін топтардың атаулары өзгеше. Қандай пікір бар?
-бүгін сабақ не туралы болады?
- қандай тақырыпты өтеміз?
ІІ. Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.
ІІІ. Топтық жұмыс. Диаграмма бойынша атмосфера құрамы туралы мини хабарлама жазу
Мысалы: атмосфера құрамы күрделі, ол түрлі газдар қосындысынан тұрады(құрамын атайды).
Жұптық жұмыс. «Сөйлемді аяқтаңыз»
Аталған газдар қандай қызмет атқарады? Мысалы көмірқышқыл газы не үшін керек?
- Оттегі :
- Тірі ағзалардың тыныс алуы үшін
- Жану үшін
- Тотығу үшін
- Азот:
- Ақуыздың құрамына кіреді
- Өсімдіктердің қоректенуі үшін
- Көмірқышқыл газы:
- Өсімдіктердің өсіп-дамуы үшін
- Озон:
- Ультракүлгін сәулелерді сіңіреді
Жеке жұмыс. Оқушылар дұрыс жауаптар негізінде(қолдау көрсету үшін мүмкін деңгейі төмен оқушыға /топқа жауаптары немесе жартылай жауаптары бар парақшалар беру керек) жұмыс дәптерлеріне жазып, шеңберлі диаграмма арқылы атмосфера құрамын сызады.
Топтық жұмыс .
Жұмысты орындау критерийлерін анықтап алу – 2 минут
1. Атмосфераның құрылысы мен қабаттарын оқулық мәтіні бойынша оқи отырып зерттеу, нәтижесін сызбанұсқа түрінде ұсыну немесе
2.а/.Слайд суреті бойынша атмосфера қабаттары туралы сұрақтар құрастыру, мысалы:
1. Атмосфераның қандай қабаттары бар?
2. Тропосфераның стратосферадан ерекшелігі бар ма?
3. Адам үшін атмосфераның ең мағызды қабаты қандай?
в/. Сұрақтарға жауапты А4 парағына жазыңыздар.
с/. Оқулықтан мәтінді оқып жауаптарыңызды толықтырыңыздар.
Қорытындылау:бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады.
Бағалау: Сабақтың бағалау критерийі негізінде топ көшбасшылары толтырған бағалау парақшалары бойынша мұғалім қорытынды жасайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы №1 (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы (8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Атмосфера және оның құрамы 7 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Атмосфера және оның құрамы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]