Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары (7 сынып, I тоқсан)
Пән:География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Сабақ тақырыбы: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары
Сабақтың мақсаты: • Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу;
• Географиялық дерек көздерімен жұмыс істеу (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар).
Сабақтың басы
І. І. Ұйымдастыру кезеңі:
А. Оқушыларға «Вlob tree» парағы ұсынылады. «Сіз өзіңізді қай жерден көресіз?»
Б. Оқушыларды «Сандар» әдісі арқылы жер бедері бойынша топтарға бөлу /жазықтар, таулар/
Сабақтың ортасы
ІІ.Тақырыпқа шығу. Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін оқушыларға таулар мен жазықтардың фотосуреттерін береді. Фотосуреттер арқылы не ойлайтындығы сұралады:
1. Суреттерде не бейнеленген?
2. Олардың басты ерекшеліктері қандай?
Фотосурет арқылы таулар мен жазықтардың айырмашылықтарын ажыратады. Жұппенен өз ойларын бөліседі, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.
Жер қыртысы мен жер бедері арасында байланыс бар ма? Егер болса ол қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, топпен өз ойларын бөліседі. Мұғалім әртүрлі идеяларды қорындылап, жер бедерінің қалыптасу заңдылығын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға жер бедерінің қалыптасуы туралы ақпарат таратады (мәтін, сызба-нұсқа).
ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.
Топпен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
Картамен жұмыс:
1- тапсырма: Тектоникалық карта мен физикалық картаны салыстырыңыз және жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтаңыз.
Мұғалім оқушыларға тапсырма орындау үшін атлас картаның тектоникалық және физикалық картасымен жұмыс жасауды ұсынады.
Оқушылар мәтін бойынша жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтайды, тектоникалық және физикалық картаға сипаттама береді. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.
Тапсырманы қорғау
Оқушылар өз жұмыстарын ұсынады. Топпен өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады.
Бағалау: Оқушылар бір-бірінің топтарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Жұппен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
2- тапсырма: Материктер бойынша жер бедері түрлерін анықтаңыз.
а) Материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита) және геосинклиналь аймақтарына сай жер бедері түрлерін анықтап жазыңыз.
Мате
риктер Жер бедері түрлері
Платфор
малар Рифтер Қалқандар Геосинклиналь
Оқушылар жұппен материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита), геосинклиналь және оларға сай жер бедері түрлерін анықтайды.
б) Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, қатпарлы) түрлерін анықтап жазыңыз.
Материктер Жер бедері түрлері
Ойпат Қырат Үстірт Таулы үстірт Қатпарлы жақпарлы
таулар Қатпарлы таулар
Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, қатпарлы) және олардың түрлерін анықтайды. Мұғалім оқушыларға атлас картадан қарастыруға жетелейді. Оқушылар тірек–сызба, картамен жұмыс жасау арқылы қолдану дағдысын қалыптастырады.
Бағалау: Бірін-бірі тексеру кезінде стикерлер арқылы бағалайды. «Жасыл» стикер дұрыс, «қызыл» стикер дұрыс еместігін білдіреді.
Келесі тапсырманы орындау үшін мұғалім оқушылардың назарын бейнематериалдарға аудартады. Бейнероликті көріп болған соң мұғалім проблемалық сұрақ қояды:
Не себептен таулардың сыртқы пішіні әр түрлі?
Бұл айырмашылықтың таулардың шығу тегіне қатысы бар ма?
Жұппен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
Суретпен жұмыс:
3- тапсырма: Тауларды абсолют биіктіктері бойынша атлас картадан тауып жазыңыз.
Аласа таулар Орташа таулар Биік таулар
Оқушыларға таулардың суреттері беріледі, суреттерге қарап таулардың шығу тегін, тау элементтерін, биіктіктеріне қарай ажыратады. Атлас картаны және суреттерді пайдалана таулардың шығу тегіне талдау жасай алады, жазылым дағдысын қалыптастырады.
Бағалау: Оқушылар жұппен парақтарын ауыстырып, бірін бірі «+»және «-» таңбаларын көрсету арқылы бағалайды. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
4-тапсырма: Жазықтарды биіктіктеріне қарай гипсометриялық профильге (қима) бейнелеңіз.
Оқушыларға сурет және мәтін беріледі, мәтін бойынша жазықтарды биіктіктеріне қарай жіктелуін гипсометриялық профильде (қимаға) бейнелейді. Жазықтықтардың биіктігіне қорытынды жасай алады.
Бағалау: Оқушылар бірін бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды. ......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары (8 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның басты орографиялық нысандары (9 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерін жоспар бойынша сипаттау (8 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері (8 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Географиялық дерек көздері (7 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: