Географиядан сабақ жоспары: Географиялық дерек көздері (7 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Географиялық дерек көздері (7 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Тақырып: Географиялық дерек көздері
Оқу мақсаты: 7.1.1.3 географиялық ақпарат құралдарымен жұмыс жасайды (карталар, суреттер, мәтіндер, фотосуреттер, графикалық материалдар);
Сабақтың мақсаттары: Географиялық дерек көздерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі, оқушылармен сәлемдесу.
Мотивациялық сұрақтар:
• Қандай дерек көздері бізге географиялық ақпарат береді деп ойлайсыздар?
• Белгілі бір географиялық объект бойынша ақпараттар қалай жиналады?
• Гоеграфиялық зерттеу ақпараттарын не үшін жинау қажет?
(М) Оқушыларды оқу мақсаты, сабақ мақсатымен таныстыру және сабақтың тілдік мақсаттарына назар аудару.
(М) Оқушалырға әр түрлі географиялық дерек көздері бейнеленген суреттерді көрсете отырып, олар арқылы геоақпарат көзін анықтауды сұрау.
(М) оқушыларды тапсырма мазмұнымен таныстырыңыз, бағалау критерийлеріне назар аударыңыз және ҚБ тапсырмаларын орындаудың аяқталуы бойынша оны дискрипторлар бойынша бағалаңыз.
№1-тапсырма. Мәтінді оқып, ұсынылған сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Табиғатты зерттеуде қандай зерттеу әдістері қолданылады?
2. Қандай зерттеу әдістері ең маңызды болып табылады?
3. Екінші ретті дерек көздері үшін қандай дерек көздер қолданылады?
4. Екінші ретті географиялық ақпарат жаңа дерек көзіне не жатады?
(Ж, ҚБ). Сыныпты жұптарға бөліңіз.
№2-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, кестені толтырыңыздар.
Географиялық ақпарат көздерінің бірінші ретті мен
екінші реттінің айырмашылығы қандай?
(Ж) №3-тапсырма. «Географиялық білім көздері» мәтініңдегі ақпаратты қолдана отырып, кестені толтырыңыз.
Сабақ соңЫ
(Т, ҚБ). Сыныпты топтарға бөліңіз. Ол үшін топтар атаулары жазылған кестені төртбұрыштарға бөліп, оқушыларға таратыңыз.
1-топ – дүниежүзінің климаттық картасы;
2-топ – климат бойынша кестелер мен графиктер;
3-топ – 7-сынып оқулығы, климат;
4-топ – жаһандық жылымық туралы журналдан алынған мақала;
5-топ – интернет ресурстармен жұмыс жасау (Google, Yandex іздеу жүйелері).
№4-тапсырма: әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, Жер климатының сипаттамасын жасаңыз:
1-топ – климаттық карта, климаттық белдеулер картасы (7-сынып атласы);
2-топ – климаттық белдеулер бойынша кесте мен Жердің орташа температурасының өзгеру графигі;
3-топ – 7-сыныптың география оқулығы, §8. Климатқалыптастырушы факторлар. Жердің климаттық белдеулері;
4-топ - National Geographic Қазақстан журналынан алынған «Ауру – ауа райынан» мақаласы;
5-топ – Жер климаты бойынша ақпаратты іздеу үшін іздеу жүйелерін қолдану (Google, Yandex).
Географиялық ақпараттар не үшін қажет? Біз одан қандай ақпаратты аламыз? Күнделікті өмірде сіз қандай географиялық дерек көздерін қолданасыз?
Рефлексия:
1. «Сәттілік сатысы»-ндағы өз орныңызды бағалаңыз.
Оқу іс-әрекеттерін жақсарту үшін өздеріңіздің алдағы әрекеттеріңізді ойластырыңыздар.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Жер туралы білімдер қалай және не үшін жинастырылды? (7 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Ұлы географиялық ашылулар Ғылыми экспедициялар кезеңі (7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Ұлы Дала» тарихи-географиялық сипаттамасы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Географияның зерттеу объектілері болып не табылады? (7 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы №2 (8 сынып, III тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Географиялық дерек көздері 7 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Географиялық дерек көздері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]