Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Асыл мұра – салт-дәстүрге байланысты шығармалар оқу «Тұсау кесушінің жыры» «Қыз қуу» (4 сынып, II тоқсан)
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Асыл мұра – салт-дәстүрге байланысты шығармалар оқу «Тұсау кесушінің жыры» «Қыз қуу»
Оқу мақсаттары: 4.2.1.2* шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу
4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы:
«Сиқырлы қоржын» ойыны. Оқушыларға арнайы дайындалған қоржыннан салт-дәстүрге байланысты сурет қиындыларын таңдау ұсынылады. Таңдаған суреттің екінші бөлігін сыныптағы оқушылардың бірімен сәйкестендіріп, шыққан сурет бойынша жұптасып екі сөйлем айту тапсырылады. Суреттер үлгілері: қыз қуу, бесік жыры, тұсау кесу, т.б.
Бастапқы білімді қайталау
(МК, Ж) «ББҮ» стратегиясы
Әр жұпқа стратегия бойынша кесте таратылады. Оқушылар белгіленген уақыт арасында жұптасып қазақтың салт-дәстүрлер тақырыбын байланысты өз білімдеріне сүйене отырып кестенің екі бөлігін толтырады. Аяқтаған соң қорғау ұсынылады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам жұп ескеріліп, тақырып бойынша қосымша сұрақтар құрастыртуды ұсынуға болады.
(ҚБ) Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін «Басбармақ» тәсілі арқылы әр жұптың білімдері өзара бағаланады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
(МК,Ұ) «Қазағымның дәстүрлері-ай» әнінің бейнеролигін көрсету.
Бейнеролик желісімен қазақтың салт-дәстүрлері туралы пікір алмасу.
1- тапсырма
(Ұ) «Тұсау кесушінің жыры», «Қыз қуу» шығармаларын мәнерлеп, түсініп оқу ұсынады.
(Т) «Аялдама» әдісі
Оқушыларға шығармалардағы дәстүрлер атауларына байланысты екі топқа бөліну ұсынылады. Әр топқа ұсынылған шығармаларды аялдау арқылы бөліктермен оқу тапсыралады. Оқушылар мәтінді оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсетеді, оқушылар оқыған бөлігіне байланысты сұрақ құрастырады. Әр аялдамада оқыған бөліктеріне сұрақтар құрастырып шығады. Сұрақтар қою арқылы әр топ ақылдасып ойларын ортаға салады.
Үлгі сұрақтар:
1 топ: Неліктен тұсау кесу игі, құрметті дәстүр деп ойлайсың?
2 топ: Неліктен қыз қууға ең жүйрік сәйгүлікті ерттейді деп ойлайсың?
Сұрақтарға жауап алынады.
Мұғалім мәтін мазмұны бойынша әр аялдамаға басқа сұрақтар ұсынады.
Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Саралау: Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.
(Б) Оқу мақсатына сәйкес «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.
2-тапсырма
(Ө; Ж) «Кірпіш» стратегиясы
Оқушылар оқылған шығармалардың мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтарға жауап беру тапсырылады.
А4 парағына кірпіштердің суреті салынады. Салған суретіне алдын-ала мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындалады. Жекелеп отырып, берілген сұрақтарға жауап беріледі. Жұптар бір-бірінің жазғандарын оқиды, бірін-бірі толықтырады. Кірпіштерге жазылған сұрақтарын талқылайды. Маңызды 5 ақпарат стикерге жазылып, тақтаға ілінеді және түсіндіріледі.
Сұрақтар үлгісі:
• Шығармаларда қай дәстүрлер туралы айтылған?
• Тұсау кесу жырында сәбиге қандай тілектер арналған ?
• «Қыз қуу» шығармасының авторы кім?
• Шығармада қызға жездесі не деп ескертті?
• Қыздың берген жауабынан оның қандай мінезін көруге болады деп ойлайсың?
Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
(ҚБ)Дескрипторлар бойынша бағалау:
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
3-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Т, ОТ ) «Эйлер шеңбері» әдісі.
А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, әр топқа ұсынылады. Оқушылар топтасып, «Тұсау кесушінің жыры», «Қыз қуу» шығармаларына байланысты идеялар кезекпен талқыланып, жазылады. Не? Қалай? Неге? Нәтиже? деген мәселелер бойынша пікірлер талданып, шеңберге жазу ұсынылады.
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Дәстүр қалай жүзеге асырылады екен?
- Неге салт-дәстүрлерімізді білу қажет деп ойлайсың?
- Өлеңдердің мазмұны бойынша нәтиже қалай аяқталады деп ойлайсың?
Саралау: Қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың мәтіндерге байланысты идеяларды талқылай алуы бағаланады.
4- тапсырма
(ОТ, Т )
«Фишбоун» әдісі
Оқушылар постерде жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау тапсырылады. Оқылған шығармалар бойынша оқушылар өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
Саралау. Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы қайта құруға интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру "Күмән" Машқар Гумеров (4 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жеті өнерпаз» ертегі (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Ырыс – Сыр (аңыз) (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жыл патшасы» А Шотбайқызының авторлық ертегісі (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: