Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету М. Ерімбетов «Құмыра» (4 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Қатені табу және түзету М. Ерімбетов «Құмыра» (4 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Қатені табу және түзету М. Ерімбетов «Құмыра»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото/ суреттер қолдану, презентация/ видеоролик жасау
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысындасуреттер қолданады, түрлі дереккөздерден қажетті ақпараттар таба алады, шығармадан қателерді табады, түзетеді.
Көптеген оқушылар: сөйлеу барысынщда суреттер қолданады, түрлі дереккөздерден қажеті ақпараттарды тауып өңдей алады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді нұсқау бойынша табады және түзете алады
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысынщда суреттер қолданып, презентация жасайды, түрлі дереккөздерден қажеті ақпараттарды тауып өңдей алады және байланысын көрсетеді, өз бетінше шығарманың құрылымын, стилін ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзете алады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ұ, МК)
«Заряд алу» жаттығуы
Оқушылардың барлығы шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады. Шеңбер бойындағы тұрған оқушылар саны аяқталғанша қолдарын қысу ретімен жалғаса береді. Жаттығу бастапқы бастаушыға жеткенде тоқтайды. Бастаушыға қанша заряд жібергені қайта оралып керек.
Бастапқы білімді қайталау
(Ө, Ұ). «Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау. Қазақстанда табылған көне қалалардың орындары, көне жәдігерлер, археологиялық қазбалар туралы деректер жинастырып, әңгімелеу тапсырылады. Мұғалімнің бастапқы білімге байланысты сөз тіркестері жазылған парақтарды ұсынады. Сыныптан оқушылар қалауларынша микрофонды қолына алып, ұсынған тіркестердің біріне байланысты сұрақты ұжым ішінде кез-келген оқушыға қояды. Жауап беретін оқушы алдыңғы сабақта өткен мәтіндегі ақын туралы деректермен бөліседі.
Үлгі сөздер мен сөз тіркестері:
Көне қала, көне жәдігер, археологиялық қазба т.б.
Оқу мақсатын хабарлау.
Сынып бөлмесінде уақыт машинасымен саяхаттап бекеттерде тапсырмалары орындаймыз. Мақсатымыз, өлеңді өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып және түзетіп үйрену.
Сынып бөлмесіне бірқатар бекеттер қойылу керек. Әр бекетте белгілі дереккөзімен жұмыс жасау ұсынылады. Әр топқа өз бекетіндегі дереккөздерді талқылауға 10 минут уақыт беріледі. Оқушыларға өз идеяларын флипчартқа немесе тақтаға жазу ұсынылады. Уақыт аяқталған соң келесі бекетке ауысады. Барлық топтар бекеттерді өтіп, ұсынылған түрлі дереккөздерден ақпарат алады.
Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-бекет
(МК, Ө, Ж) «Уақыт машинасы» стратегиясы
М.Ерімбетовтің «Құмыра» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға беріледі. Таңдауына қарай уақыт машинасы ұғымын қызықты етіп таныстыру және әрекетті жүргізу үшін белгі тірек сөздер пайдалану ұсынылады. Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қою тапсырылады. Жауаптарды тақтаға жазуды ұсынуға болады.
Сұрақтар үлгісі:
1. Бала құмнан не тапты?
2. Ғалымдар құмыраны тапқан үшін білдірген алғыстары қандай болды?
3. Құмыраның табылған жерінде не болған екен?
Сынып оқушылары тапсырманы жұппен орындауға болады. Орындауға 5-7 минут уақыт беріледі.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұарқатрды құрастырып, оқиғаны әңгімелеу әртүрлі болатыны күтіледі.
(ҚБ) Бағдаршам көздері арқылы бағалау.
қызыл = түсінген жоқпын
сары = әлі де дайындық қажет
жасыл = барлығы түсінікті
2-бекет
(Т, МК) «Сұрақтар аялдамасы» ойыны
Оқылым дағдысының ақпаратты сызба түрінде беру мақсатына сәйкес әңгіме бойынша үш ашық сұрақ құрастырып жазу тапсырылады.
«Құмыра» мәтінінің мазмұны бойынша үш аялдамаға «Неге? Неліктен? Қалай?» сұрақтар жазылған парақтар ілінеді. Топ ішінен бір оқушыға парақты алып сол сұрақтың қай аялдамасына барса, соны қатыстырып, мәтін мазмұнына сәйкес ашық сұрақ құрастыру ұсынылады.
Реті:
1. Сұрақ аялдамасын таңдайды.
2. Сұрақ жазылған парақшаның артына топтаса отырып, бір немесе бірнеше сұрақ қатыстырып жазады.
3. Бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
Оқушылардың ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану дағдыларын дамыту көзделеді.
Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немес жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.
3-бекет
(ЖЖ) «Қосжазба күнделігі» әдісі
Оқушыларға мәтіннің мазмұнына байланысты Отырар қаласы туралы өздерінің пікірлерін жұптасып жазу ұсынылады. Оқушылар мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірің жаза отырып, Көне қала туралы білетін мәліметтерімен толықтырады. Бұл жұмыс арқалы оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады.
Жұптық жұмыстың барысында жазылған күнделікті келесі жұпқа өзара тексеруге ұсынуға болады.
Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға көне қалаларға байланысты қосымша деректер ұсынуға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.
(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау.
«Түрлі түсті жиектер» әдісі
Оқушылар жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету Ә. Ысқабай «Тайғақта» (4 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхатшы жануарлар (2 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қатені табу және түзету М Ерімбетов «Құмыра» 4 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Қатені табу және түзету М Ерімбетов «Құмыра»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]