Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту «Қызық дәстүр» Әдібай Табылды (3 сынып, IV тоқсан)
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту «Қызық дәстүр» Әдібай Табылды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдана алады;
Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде мақал-мәтелдерді қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мақал-мәтелдерді не қолданғанын тұжырымдарын негіздей алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
1. «Үш пікір» әдісі. «Атқа мінгізу дәстүрі» деген не?
Осы тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады.
Сабақ мақсаты: сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Суреттер сөйлейді» әдісі.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыр. Оқушыларға «Аттың үстіндегі бала» бейнеленген суреттер беріледі. Оқушылар олардың іс-әрекетіне қарап шағын әңгіме құрастырады.
Құрған әңгімелерін «Автордың орындығында» отырып айтып береді.
Саралау: Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.
2-тапсырма
«Атқа мінгізу» дәстүрі туралы мәтіннен тауып оқы.. Ол үшін бір-екі мысал көрсетіңіз.
1. Мәтінді түсіп оқып шығуға уақыт беріңіз.
2. Алдыңғы тапсырмадағы сұрақтың жауабы бар ма, барлық топпен анықтап өз пікірлерін білдірулерін сұраңыз.
3. Келесі сұрақтардың жауабын сұраңыз:
- Әңгіме қалай басталды?
- Автор той өтетін жерді әңгімеде қалай суреттеген, тауып оқы.
- Атасы неліктен Алпамысқа той жасады деп ойлайсың?
- Әңгімеде қазақтың қандай дәстүрі жайлы айтылады?
- Әңгіме саған қалай әсер етті?
Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығады және өз сөздерімен ойларын айта алады, ал қабілетті оқушылардың жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.
Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
3-тапсырма
(Ұ,Т.) «Тұжырымдамалық шеңбер» әдісі.
1.«Тұжырымдамалық шеңберді (қағаздың ортасына шеңбер сызып, жан-жағындағы сызықтарға ойларын жазады), мәтіннен «Атқа мінгізу» дәстүрі туралы не білдің? Білгеніңді жазып ал» деген тапсырма беріледі.
2.Алдымен олар топтарымен ойларын бөлісіп, талқылайды.
3.Берілген «графикалық органайзерді» А3 форматындағы қағазға сызып, мәтіннен алынған ақпараттарды жазады.
4. Топтарды тыңдап, жетістіктерін бағаланады.
Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз, ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлау дағдысын қажет ететін сұрақтар беріңіз.

4 – тапсырма
«Мағынасын аш» әдісі
Мақалдың мағынасын ашып, қай жерде қолдануға болатынын түсіндір.
1. Алдымен олар топтарымен ойларын бөлісіп, не білетіндерін талқылайды. Олар өз жауаптарын мұғалім ұсынған флипчарт қағаздың сол жақ бағанына толтырады.
Мақал-мәтел Мағынасы
Тай атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
Ер канаты – ат.
Атқа жақсы шаба біл, Өнеге-өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл!
2. Топтар жазғандарын басқа топтарға ұсынады. Оқушылар жазылған кестені талдап, жауаптарын жазады.
3. Мұғалім оқушылардың жауаптарын кестеге толтырған соң, сұрақтардың жауабы бойынша статистика жүргізеді де, ең аз ақпараты бар топтардан сұрауды бастайды. Барлық сұраққа жауабы бар топтар тыңдалады.
Саралау мүмкіндіктері: Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіңіз, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту «Тау мен өзен» Құрманбай Толыбаев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту «Дүниеде жамандық неден?» Ыбырай Алтынсарин (4 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б С (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Судың қасиеті «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа Аударған Әбдімәлік Жұмабаев (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз: