Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Ырыс – Сыр (аңыз) (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру  Ырыс – Сыр  (аңыз) (3 сынып, IV тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы:Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Ырыс – Сыр (аңыз)
Оқу мақсаттары: 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
(Ұ, МК, Т) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі.
1. Ш. Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әні тыңдау.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=QPPKIZHYKhk]
2. Сынып оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа тыңдаған өлең бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады. Ол үшін бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Әр топ белгілі уақыт арасында сұрақтар құрастырып, бір-біріне лақтырады. Қағып алған сұрақтарға жауап береді, сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашылады.
Сабақ мақсатымен таныстыру. қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы 1-тапсырма
(МК, Ұ) Бейнебаян көрсету
1. «Сырдария өзені» бейнебаянды көрсету
2.«Сұрақ жауап» әдісімен тыңдалған ән мен көрген бейнебаянды не байланыстыратыны жайлы анықтау.
Сұрақтар үлгісі:
- Бейнебаянда қандай өзен жайлы айтылған?
- Қандай өзендердің қосылған тұсынан басталады?
- Ұзындығы қанша км?
- Алдындағы өлең мен бейнебаяндағы өзеннің айырмашылығы бар ма?
Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезінде ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) От шашу» әдіс арқылы сұрақтарды талқылау кезінде дұрыс мағыналы жауап берген оқушылар қол шапалақтау арқылы бағаланады.
2- тапсырма
«Ырыс – Сыр» аңызды оқу.
(Т,Ө) «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар аңызды аялдау арқылы бөліктерге бөліп оқиды.
1. Оқушылар аңызды оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, тоқтатады.
1-аялдама: Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Мұғалім сұрақ қояды. (Аңыз қалай басталады? Айдаһардан құтылу үшін ағайындылар қандай айлаға барады?). Оқушылар сұрақтың жауабын аңыздан тауып белгі қояды.
2-аялдама: Екінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Екі жігіт байлардың ызғарынан қорқып, қайда кетеді? Оларға кім жолығады?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.
3-аялдама: Үшінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Қария бұларға қандай кеңес береді?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.
4-аялдама: Төртінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Ағайындылардың келген жері қалай аталады? Ол жер қандай екен?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.
2. Ертегіні тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.
3-тапсырма
(Т) ««Жаңғақ» әдісі. Белгілеген ақпараттарды қолданып ертегі бойынша сұрақтар құрастыр.
1.Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді.
2.Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).
3.Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.
4.Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.
«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.
5.Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.
Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
ҚБ: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.
4-тапсырма
Ж. «ПОПС» формуласы. «Ырыс–Сыр» аңызының басты идеясы неде? Жұптағы талқылаудан соң өз ой қорытындысын «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіреді.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша аңыздың басты идеясы - ....»
Екінші сөйлем: «Себебі,оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...»
Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
ҰЖ. «2 бұрыш» әдісі. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар сыныптасының позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.
Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.
Қ/Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.
Мен …………. туралы көп білдім.
Мені …… таң қалдырды.
Мен … сездім.
Мен………… басқаша қарайтын болдым.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жеті өнерпаз» ертегі (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жыл патшасы» А Шотбайқызының авторлық ертегісі (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы қайта құруға интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру "Күмән" Машқар Гумеров (4 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Асыл мұра – салт-дәстүрге байланысты шығармалар оқу «Тұсау кесушінің жыры» «Қыз қуу» (4 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Ырыс – Сыр (аңыз) 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Ырыс – Сыр (аңыз)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]