Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы:
(Ұ) «Ассоциация» жаттығуы. Сабақтың тақырыбына байланысты «бұлақ» сөзі жазылады. Барлық оқушыларға парақ таратылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды.
Мысалы: су, сұйық, таза т.б. Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойлары қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.
Сабақ мақсаты: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1 – тапсырма
1. (МК,Т) «Бірлескен оқылым» әдісі арқылы «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин әңгімесін тізбектеп оқу ұсынылады.
2. «Кубизм» әдісімен әңгімедегі негізгі ойды анықтап, талқылау ұсынылады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топқа әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы» беріледі. Топтың әр мүшесі кезектесіп «ойын тасын» лақтырады. Ойын тасындағы нөмірге сәйкес шығарманың «деталін» айта отырып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табады.
«Кубизм» әдісі бойынша талқылауға берілетін әңгіме нысандары:
1. Сюжет
2. Кейіпкер
3. Оқиға
4. Негізгі ой
5. Тақырып
6. Әдеби көркемдегіш құралдар
Саралау. Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
(ҚБ) «Смайл» әдісі
Оқушыларды өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіріп, оқу мақсатына байланысты мәтіндегі негізгі ойды анықтағандары үшін смайликтер таратылады.
2 – тапсырма
(ЖЖ) «Веер» әдісі. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:
1.Оқушылар өз еріктерімен жұпқа бөлінеді.
2.Мұғалім қағазды веер пішінінде бүктеп, келесі сұрақтарды жазып дайындайды. Оқушылар дайын «Веерлерді» алып, сұрақтарды келесі жұпқа қояды. Келесі жұп оларға қояды.
- Бұлақ суының адамға қандай пайдасы бар?
- Әңгіме саған қандай ой туғызды?
- Оны басқаша тағы қалай атар едің?
- Әңгімеге сүйеніп, бұлақ жағасын сипатта.
3. Сұрақтар бойынша оқушылар өз жауаптарын береді.
4. Сұрақтардың алдыңғы тапсырмамен қандай байланысы бар екендігі сұралды.( бөлімдер бойынша берілген сұрақтар).
Саралау: қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.
Қ/Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар
3-тапсырма
(Т) «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі арқылы, мәтін бойынша жоспар құрастыру тапсырылады.
1.Мұғалім әр оқылған мәтін бөліктеріне сүйене отырып, жоспар құруды ұсынады.
2.Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі.
3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар:
1. Мұраттың ұсынысы
2. Бүлкілдеп аққан су
3. Екі түп алма ағашы
4. Мұраттың бастауы
Саралау: басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.
Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.
4-тапсырма
(Т) Құрастырған жоспар бойынша мәтін мазмұнын айт.
1. (МТ) Мұғалім әр топқа құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мәтінді мазмұндауды тапсырады.
2. Оқушылар жоспар бойынша мәтін мазмұнын өз қалаулары бойынша мазмұндайды.
3. Оқушылардың жауаптары бағаланады.
Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.
Қ/Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау №2 (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Су – тіршілік көзі «Ақбас торғай» Ертегі (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]