Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Су – тіршілік көзі «Ақбас торғай» Ертегі (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Су – тіршілік көзі «Ақбас торғай» Ертегі  (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су –тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Су – тіршілік көзі «Ақбас торғай» Ертегі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау.
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.
Сабақ мақсаттары: - шығарманың мазмұнын түсінеді;
- шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады;
-құрастырған жоспар бойынша мазмұндайды/ сахналайды;
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Бөлімнің қалай аталып тұрғанына назар аударту мақсатында орындалатын тапсырма. Оқушыларға жеке карточкалар таратылады. Бірінші бөлігіне өзінің 3 дәлелін жазады, 2-ші бөлігіне сыныптың ішін аралап басқа оқушылардың ұнаған 3 дәлелін жазады. Неліктен оларды таңдағанын түсіндіреді.
Су – тіршілік көзі, өйткені ...
1 1
2 2
3 3
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстыралады. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Ақбас торғай» ертегі
(Ө,ЖЖ) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды (кеберсіген тұмсық (кеуіп, құрап қалған) , жапа-тармағай (жан-жақтан), ішқұса (күйзелу, қатты өкіну), дәптерлеріне жазады.
- Мәтін неліктен ертегіге жатады?
- Ертегіні тағы басқаша қалай атауға болады?
- Мына тақырыптардың ішінде қайсысы ең басты тақырып деп ойлайсыңдар? Жұпта талқылаңдар.
Слайдта: «Құстардың тіршілігі», «Құстардың қуанышы», «Су – тіршілік көзі», «Жалқаулық» тақырыптары беріледі. Оқушылар тақырып таңдап, оны жұпта дәлелдейді. Барлық оқушының пікірі құнды екені ескеріледі..
(Б) Өз ойын жеткізе білген балаларды «Қошеметтер бұрқасыны» арқылы бағалау.
2- тапсырма
(Ө, ЖЖ) Оқушылар оқулықта берілген суреттерге сәйкес келетін шығарма бөлігін анықтайды, стикермен белгілейді. Әр бөлікке ат қояды, тақырыбын дәптерге жазады. Сол бөліктерге сәйкес шығарманың жоспарын құрастырады.
Үлгі:
1. Құстардың кеңесі
2. Торғайдың қулығы
3. Арық қазу бейнеті
4. Шаттанған құстар
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау:
- Мәтінді логикалық бөліктерге бөлді;
- Әр бөлікке ат қойды;
- Ертегінің жоспарын құрды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Жоспар құрастыруда кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
3-тапсырма
(Т) Шығармашылық таныстырылым
Оқушыларды санау арқылы 4 топқа бөлу. Әр топ өздері таңдап алған мәтіннің бір бөлігін өз шығармашылықтарына байланысты көрсетуге дайындалады. (мазмұндау, сахналау, ыммен, т.б.) Уақыт шектеулі екенін ескертіп отыру қажет. Жұмыстарының нәтижесін ортаға шығып таныстырады.
Саралау. Оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылықтары бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.
4-тапсырма
(Ж) «Кейіпкерге хат» әдісі арқылы оқушылар, өз ойларын білдіреді. Тапсырма дәптерде орындалады.
(Б) «Автор орындығы» арқылы бағаланады.
Саралау.Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қысқы кеш (Жаңа тақырыпты меңгеру) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Мен қалада тұрамын (3 сынып, I токсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Интернет туралы ойларым Ә Табылды Аман мен телефон (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Суды қалай ішеді «Жануарлар суды қалай ішеді?» С. Боранбаев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Атқа міну-өнер «Мен де атқа міне аламын» Алан Маршал (3 сынып, III тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Су – тіршілік көзі «Ақбас торғай» Ертегі 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Су – тіршілік көзі «Ақбас торғай» Ертегі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]