Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы. Алтынсарин (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы. Алтынсарин  (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – ту – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы Алтынсарин
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: - Мәтін бойынша бағалауға негізделген сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;
- Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты табады;
- Өлең жолдарын қара сөз түрінде жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы

бейнероликті көрсету.
- Бұл бейнероликтен қандай әсер алдыңдар?
- Не білдіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстыралыды. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқы.
(Ж) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды: дерт (ауру), рақат (ләззат), қынарда (жағасында), жанабында (маңайында), дәптерлеріне жазады.
-Адамдар неліктен суды құрметтейді?
-Ол туралы өлеңнің қай жолдарында айтылған?
Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады.
Топтастыру «Су бұрқасыны»
Оқушыларға суқоймаларының түрлері бойынша: теңіздер, көлдер, мұхиттар, өзендер, Қазақстанның өзендері деп топқа біріктіру. Мұғалім ортаға шығып бала санына сәйкес келетін атаулар жазылған карточкаларды ортаға қояды. Оқушылар біреуін алып, суқоймасы түріне қарай топтасады. Ескерту: мұхиттар тобында 2 оқушыда 1 атау болады.
Теңіздер: Жерорта, Қара, Қызыл, Кариб, Азов.
Көлдер: Балқаш, Ала, Байкал, Каспий, Ыстық.
Мұхиттар: Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды, Атлант.
Өзендер: Жайық, Амазонка, Ніл, Хуанхэ, Конго.
Қазақстанның өзендері: Есіл, Ертіс, Іле, Орал, Нұра, Сырдария, Амудария
2- тапсырма
(ЖЖ, Т) «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі бойынша оқушылар жұпта ақылдасып сұрақтар құрастырады, топта ортаға салып талдап, топ ішінде 6 сұрақты (3 жуан, 3 жіңішке) таңдап алады. Таңдаған сұрақтарды көрші топқа ұсынады, өздері басқа топтың сұрақтарына жауап береді.
Үлгі:
Жуан сұрақтар (толық, жан-жақты, тиянақты жауапты талап ететін сұрақтар) Көркем бейнелі сөздерді қолданып жауап бер. Жіңішке сұрақтар (қысқа, нақты жауапты талап ететін сұрақтар)
Неліктен өзен сарқырап ағады? Өзен неден сарқырап ағады?
Өзен суы денедегі дертті қалай кетіреді? Денедегі дертті не қашырады?
Неліктен өзеннің балығы дәмді? Жан-жануарлар өзеннен не табады?
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау:
- сұрақтар құрастырды;
- көркем бейнелі сөздерді қолданып жауап береді;
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұрақтар құрастыруда кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) Өз ойын жеткізе білген балаларды «Қошеметтер бұрқасыны» арқылы бағалау.
3-тапсырма (Т)
Семантикалық картаны толтырады. (+)
Көркем сөздер шөп өзен жануарлар балықтар
Сарқыраған +
Алуан-алуан +
Айнадай +
Жарқыраған +
Тасыған +
Көк шалғын +
Оттай жанған +
Аққан +
(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.
4-тапсырма
(Ж) Дәптерге кестедегі көркем сөздерді пайдаланып өлеңді қысқаша мәтін түрінде жаз.
(Б) Мұғалім кері байланыс беру арқылы бағалайды. ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Жаңбыр жауды» Н. Әлімқұлов «Нөсер» А. Сопыбеков (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жыл санау Жыл басы (Бабалар сөзі Жүз томдық 73 том) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Көл жағасында» З. Шүкіров, «Көлде» Ғ. Мүсірепов (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы Алтынсарин 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы Алтынсарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]