Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 2-ші сабағы (3 сынып, IV тоқсан)
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілк көзі
Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 2-ші сабағы
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау
Сабақ мақсаттары: - өзі таңдаған жолаушының пікірінің дұрыстығын жақтап, дәлел келтіріп бағалайды;
- айтқан пікірлерін берілген нақыл сөздермен сәйкестендіреді, өз ойларын дәлелдейді;
- Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша сызбаны толтырады;
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Тыныштық сәті» жаттығуы арқылы оқушылардың көңіл-күйін, назарын сабаққа аудару.
Видеороликтің 1 мин бөлігін көздерін жұмып тыңдайды.
- Осы дыбысты естігенде көз алдарыңа не елестеді?
Алдында өткен тақырыпты жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ұ) Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінен жолаушылардың айтқан пікірлерін тап. Оқушылар мәтінді оқып, естеріне түсіреді.
- Қай жолаушының пікірімен келісесің?
Әр оқушы өзіне ұнаған жолаушының суретінің қасына тұрады және топқа бірігеді.
Өзі таңдаған жолаушының пікірінің дұрыстығын жақтап, дәлелдейді.
Мысалы: 2-жолаушыны жақтаушы топ:
Жақсылығың үшін ақы сұрама.
2-тапсырма
(Т) Оқушылар топта ақылдасып, жолаушылардың айтқан пікірлерін нақыл сөздермен сәйкестендіреді. Қорытынды сөздерін сол нақыл сөзбен тұжырымдайды.
Үлгі: 1 топ: Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.
2 топ: Біреуге бір жақсылық жасап, одан бірден алғыс күтуге болмайды.
3 топ: Көңіліңді, бойыңды бұлақтай таза сақта.
Берілген нақыл сөздер:
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық айрылмас азап.
Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді. Біреуге бір жақсылық жасап, одан бірден алғыс күтуге болмайды.
Көңіліңді, бойыңды бұлақтай таза сақта
Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
Жақсылық жолында келе жатып жаман әдет көрсетпе!
Ақкөңілділік — адам ойының тазалығының белгісі.
Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) Слайдпен сәйкес келген жағдайда «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
3-тапсырма
(ЖЖ,Т) Сызбаны толтыр. Оқулықтың 85 бетіндегі сызбаны жұпта ақылдасып толтырады, өз ойларын топта ортаға салады, талқылайды. Ескерту: оқулықтағы тапсырмада Ы.Алтынсарин туралы не білетініңді тұжырымдап айт делінген, алайда тапсырма оның шығармалары туралы. Соңында оқушылар Ы.Алтынсариннің шығармалары адамды еңбекқорлыққа, адалдыққа, білімге, ақылға шақыратын түсіну керек.
Әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Әке мен бала», «Екі дос».
Өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар».
(ҚБ) рубрика бойынша бағалау
Әңгіме 2 немесе одан да көп әңгімені естеріне түсірді 1 әңгімені естеріне түсірді Әңгімені естеріне түсіре алмады
Өлең 2 немесе одан да көп өлеңді естеріне түсірді 1 өлеңді естеріне түсірді Өлеңді естеріне түсіре алмады
Негізгі ой Әңгімелер мен өлеңдердің негізгі ойларын дұрыс тапты Әңгімелер мен өлеңдердің негізгі ойларын толық таба алмады Әңгімелер мен өлеңдердің негізгі ойларын таба алмады
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сызба толтыруда кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
4 -тапсырма
«Көңіліңді, бойыңды бұлақтай таза сақта» берілген тақырып бойынша эссе жаз.
(Б) «Автор орындығы» әдісі. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жаңбырдың пайдасы Ж. Кәрбозин «Ақ жаңбыр» (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру «Бұлақ пен құрақ» Б. С. Қошым-Ноғай (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қорық» Б.Асубаев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Бұлақ көрсең, көзін аш Жолдасбай Тұрлыбаев «Райымбек бастауы» (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз: