Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем»  Ахмет Жұбанов (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық,таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы: «Жақсы сөз»
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Сағат бағыты бойынша қасындағы көршісіне бір сөз айтады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру
Сабақтың ортасы
1 – тапсырма
(Ө,Т). Қабдеш Жұмаділов «Қайран шешем» әңгімесін «Шатасқан оқиғалар» әдісі арқылы оқиды. Топтарға мәтін бөліктері салынға конверт беріледі. Оқушылар мәтін бөлігін оқып, тұтас мәтін құрастырады. Мәтінді оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Саралау: мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.
2 – тапсырма
(ЖЖ) «Веер» әдісі. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:
1.Оқушылар өз еріктерімен жұпқа бөлінеді.
2.Мұғалім қағазды веер пішінінде бүктеп, келесі сұрақтарды жазып дайындайды. Оқушылар дайын «Веерлерді» алып, сұрақтарды келесі жұпқа қояды. Келесі жұп оларға қояды.
 Құрманғазы түрмеде кіммен танысты?
 Неге анасы Құрамғазыны шапалақпен тартып жіберді?
Құрманғазының әңгімесі Лавочкин қалай әсер етті ?
3. Сұрақтар бойынша оқушылар өз жауаптарын береді.
4. Сұрақтардың алдыңғы тапсырмамен қандай байланысы бар екендігі сұралады.
Саралау: қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.
Б. Оқушылардың өзін – өзі бағалауы.
3-тапсырма
(Т) «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі арқылы, мәтін бойынша жоспар құрастыру тапсырылады.
1.Мұғалім әр топқа бірінші тапсырмада жазған мәтін бөліктеріне сүйене отырып, жоспар құруды ұсынады.
2.Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі.
3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар:
1. Лавочкинмен танысу
2. Анасының іздеп келуі
3. Еске алу
4. Күй
сілтемесі бойынша күйді тыңдату. Күй бойынша оқушылардың ойын білу.
Саралау: басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.
Б: Мұғалімнің бағалауы.
4-тапсырма
(Т) Құрастырған жоспар бойынша мәтін мазмұнын айт.
1. (МТ) Мұғалім әр топқа құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мәтінді мазмұндауды тапсырады.
2. Оқушылар жоспар бойынша мәтін мазмұнын өз қалаулары бойынша мазмұндайды.
3. Оқушылардың жауаптары бағаланады.
Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.
Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау №2 (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]